Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 3415 0 пікір 28 Қараша, 2016 сағат 08:18

АСТАНАДА ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ СЛЕТІН ӨТКІЗУ КЕРЕК

Менің ойымша, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Астанада жас кәсіпкерлердің слетін өткізу керек, бұл слетқа шетелдегі қазақ диаспорасынның жас кәсіпкерлерді қатыстыру керек, өйткені біз бәріміз Қазақстан республикасының азаматтары мен шетелдегі қандастарымыз күштерімізді біріктіріп Отанымызды гүлдендіруіміз керек. Мәдениет және спорт минстрлігін бір аптаның ішінде бұл слеттің концепциясын дайындап оны маған көрсетуді сұраймын. Ал енді мен біздің жауынгерлерді мерекесімен құттықтайын.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУЫНА 25-ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ,  ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛIК ҚҰТТЫҚТАУ.

Құрметтi жауынгерлер және сержанттар, офицерлер және қарулы күштердiң генералдары, ардагерлері, қымбатты отандастар! 

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылған күні Отан қорғаушылар күнімен, ел өміріндегі елеулі мерекемен сіздерді жылы лебізбен шын жүректен құттықтау маған үлкен қуаныш әкелетіні анық.

Қазіргі демократиялық Қазақстан мемлекетінің құрылып қалыптасуы жолымен, еліміздің Қарулы күштерінің құрылуы өте тығыз байланысты деп айтуға үлкен негіз бар екені анық, бізді қоршаған ортада, келеңсіз қиын жағдайларда Отанымыздың бейбіт те жайлы өмірін, тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, аумақтық тұтастығымызды сақтап қалуда ең күшті кепілі болатынын дәлелдей білді. Әр мемлекеттің мүмкіндіктері мен қуатын ол елдің әскерінің соғысқа жарамдығы мен дайындығына байланысты бағаланатыны дәлелденген. Егеменді Қазақстанның қарулы күштерін құру барысында, біз өткеннен мұра болып қалған әскери құрылыстан бас тартып, нақты геосаяси және геостратегиялық жағдайларды жан жақты қарастырып, Орталық азия аумағындағы қазіргі уақыттағы соғыс және қарулы қақтығыстарды ескере отырып, ұллтық ерекшеліктеріміз бен дәстүрімізге бағыт алып құрдық десек болады.

Әскеріміздің жауынгерлік тиімділігін одан әрі жоғарлату үшін қазіргі әскери құрылымның жетістіктерін, қызметтік-жауынгерлік құрылымдарын терең зерттеп қолданысқа енгізу керек.

Бұл контексте ең маңызды басымдылық, басқа да шетелдердің қорғаныс мекемелерімен ұжымдық қауiпсiздiк туралы келiсiм шартының Ұйымымен өзара тығыз қарым-қатынас  жасау, бұлардың көбісімен бізде өзара тиімді әріптестік және ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылған, сонымен қатар жыл сайын әскери және әскери – техникалық жоспарлар жүзеге асырылады.  Әсiресе әскери салада  жемiстi ынтымақтастық бiзде Ресей федерациясының қорғаныс министрлiгiмен жасалды және бұл ынтымақтастықты болашақта әрі қарай күшейте беру керек деп ойлаймын.

Қарулы күштерді құру жоспарына сәйкес әскерді жаңа қарулар мен техникалармен жабдықтап, жаңартуды дәйекті түрде жүзеге асыру керек, соның ішінде ӘҚК мен тікұшақтар, танкке қарсы қарулармен, артиллерия жүйелерiмен, авиациямен, байланыс, дара және топты қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету керек. Инновациялық пiшiндердi үйрету процесiн қамтамасыз ететiн, енгiзулер және алдынғы информациялық - коммуникациялық технологияларды, қазiргi жетiстiктердi, жаңа сабақ беру әдiстерiн пайдалана білетін Қарулы күштер академиясында, әскери училищелерде, жаңа әдістемелермен сержанттар дайындайтын мектептерде әскери кадрларды дайындау барысын жүйелі түрде жетілдіріп, үздіксіз жұмыс жасау көкейкесті мағынасы бар іс болып табылады.

Бұл жоспар бойынша жетекші шетелдік армияларда әскерилердің қызметін ұйымдастыру және дайындық жүйесін біздің жағдайға қалыптастыруды терең зерттеп, сонымен қатар офицерлік және сержанттық құрылымдардың кәсіби дағдыларын арттыру жоғары позитивті рөл атқаратыны анық. Осы салада жүзеге асырылып жатқан істерің арқасында офицерлік құрамның ой өрісі және білімдарлығы, биік кәсіби және сапалы рухани адамгершілік қасиеттері, қисынды ойлай білу қасиеттері артып келеді, алдына қойылған мақсатқа шешімнің қалыпсыз тәсілдерін белсене қолдана алады. Біздің жауынгерлер үшін сержанттар офицерлердің алмастырмайтын көмекшісі, қамқор жетекшілері, тірегі десек артық айтқандық болмайды.

Сонымен бірге қорғаныстық – өнеркәсіптік кешенді дамыту керек. Республиканың әскери – өнеркәсiптiк кешенiн дамыту үшiн қорғаныстық  - өнеркәсiптiк кешенді кәсiпорындарды жаңарту керек. Қазiрдің өзінде, бiздiң елде жауынгерлiк катерлер, берендер, униформаны шығарылады,   жер бетiндегi әскери техниканы жөндеуді және құрастыруды жүзеге асырылады. Менiңше, әскерилерге арналып шығарылған заттарды дамытып көбейте түсу керек. Сонымен бiрге, бiздiң мемлекеттің экономикалық мүдделерінің қорғанысы үшiн еліміздің флотын (теңіз әскерін) жаңартуды әрi қарай жүзеге асыруды жалғастыра беру керек, отандық өндiрiстегі жаңа катерлерiмен қамтамасыз ету керек. Қорғаныстық құрылыстың негiзгi міндеттерінің бiрi жедел және басқару органдарының жауынгерлiк дайындық жүйесін әбден жетiлдiру  және одан әрі дамыту болып табылады. 

Қазіргі оқу-жаттығулар егемендік алған бірінші жылдарға қарағанда түпкілікті өзгерген. Жылдан жылға өткізілетін жауынгерлік шарттарға барынша жақын оқу-жаттығулар әскери дайындықтың барлық жүйесін, әр батальеон мен взводтың мүмкіндігін бағалайды, сонымен қатар бөлімшелердің бір-бірін ауыстыру және аралас мамандардың жеке құраммен жұмысын жауынгерлік міндетті орындау барысында таңдамалы тәсілдердің тиімділігін байқауға, сынап талдауға, мүмкіндік береді.

Ұлттық армияны реформалау және қалыптастыру барысындағы тәжірибені әскерилерге және әскер қатарына шақырылатындарға бағытты және жан-жақты кең қолдану ең маңызды жұмыстардың бірі.Біздің жеткіншектеріміз үшін әскер қатарында болудың маңызы өсіп мәртебесі жоғарлап келеді. Оның тартымдылығы  берiлетiн жеңiлдiктерде және биiк деңгейдегі әлеуметтiк және әскери қызметкерлерді материалдық камтамасыз ету ғана емес, біздің жастарымыз үшін ерлікке, табандылыққа, патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтін өмір мектебіне айналғаны анық.

Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан бері Отанымызды қорғауға әскери шыныққан жан-жақты дайындығы бар жастарымыздың бүтін бір ұрпағы бар деп мәлімдеп мақтаныш ете аламыз.

Әскери қызметкерлерді тұғын үймен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалардың мәні зор, бұл әскерилердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, тұрғылықтылығын және қызмет етуін жақсарта түседі.  Өмірін омы ер мамандыққа арнаған әр әскери қызметкер өзінің жанұясының мәселелеріескерусіз қалмайтындығына, олардың амандығына берік кепілі болуы керек.

Бүгінгі күнде көптеген біздің ардагерлеріміз Отан қорғаушылардың жаңа ұрпағына өздерінің таптырмас тәжірибелерімен бөлісу арқылы мемлекетімізге үлкен көмектерін көрсетіп жүр. Елімізде әскери қызметтiң биiк абыройының айқын көрсеткiшi – әскери қызметкерлердің жақсы жағдайы болып табылады.

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Алыстағы және жақындағы мемлекеттердің қазіргі жағдайын бағаласақ, байланыс және шикізат қорларын бақылау геосаясат бәсекелестігі күшейуде, ядролық технологиялардың және жаппай жою қаруының таралуы, халықаралық терроризм және «сұлама өктемдiк» экстремизм күштерiнің қозғалыстары, ұлтаралық және конфессия аралық  күрестің асқынуы халықаралық қауіпсіздікке және тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған қақтығыстардың шешіміне күш көрсету тәсілі басымдылық алып отыр.

Өкінішке орай, әлемнің әр түкпіріндегі қақтығыстар мен қауіп тудырулар бейбіт жолмен шешілудің орнына, күнен-күнге өрши түсуде.

Халықаралық жағдайды қақтығыстардың дәстүрлі емес тәсілдері түбегейлі өзгертіп отыр, қазіргі уақытта армияның негізін құлдыратуға бағытталған психологиялық–ақпараттық әсер ету, ғаламтор технологиялары арқылы біздің жастарымыздың ой – санасына еліміздің салт дәстүріне, бай да жасалымды мәдениетімізге қарама-қайшы мағлұматтарды уағыздау әдет алып бара жатыр.

Сондықтан да жан-жғымыздағы және әлемдегі болжамсыз жағдайларға байланысты сергектікті сақтап, Қарулы күштердің жауынгерлік тиімділігін дамытып, батыл шешімдерді одан ары қарай жалғастырып, шекарадағы дайындықты жоғарлатып, келеңсіз жағдайларды жойып,  кез-келген агрессивті әрекеттерге лайықты тойтарыс беру керек.

Осы орайда тағы бір айта кететін жағдай Қазақстан Республикасы бейбітшілік сүйгіш саясат жолын ұстаған қағидаттарымен қалады.

Біздің әскери доктринамыз қорғанысқа бағытталған, еліміздің ең алдымен мемлекетіміздің  егемендігін, шекарамыздың бүтіндігіне және еліміздегі бейбітшілік пен тыныштығымызды сақтап қалу үшін Қарулы күштері күшейте түсуіміз керек.

ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР!

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 25-жылдық мерекесіне орай сіздерді шын жүректен құттықтаймын, Отан қорғауға деген міндетті борышын өз мойынына алған әскер қатарындағы мамандарға, Қарулы күштердегі ардагерлерге, генералдарға, офицерлерге. сержанттарға, қатардағы жауынгерлерге және барлық әскерилерге жасап жатқан қызметтеріне бар ықылас – ниетіммен алғысымды айтқым келеді!

Әрқашанда денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Рустем Досымқұлов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377