Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3837 0 пікір 27 Қараша, 2016 сағат 11:53

Сайрам ауданы 10 айды қорытындылады

Ағымдағы  жылдың 7  қарашасында Сайрам  ауданының әкімі Самат Сапарбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өткізілді.

Бұл туралы ауданның ресми сайты есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру үшін құрылған  "Ашық әкімдік" жобасы шеңберінде халыққа ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  хабарлап отыр.  

Мәжілістің күн тәртібі бойынша Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі Юсаев Әмірбек Анарбекұлы және аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асқаров Бауыржан Өміртайұлының 2016 жылдың он айында атқарылғын жұмыстары бойынша есебі тыңдалды.  

Салаға жауаптылардың айтуынша ауданда өңiрдiң «Даму» бағдарламасы мен мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын іске асыру және бес институттық реформа мен «100 нақты қадамды» жүзеге асыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша межеленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты дамуда. Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы мен  әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық факторлары мен бағыттары қамтылған ауданның даму концепциясы (жобасы) әзірленген.  

Сондай-ақ алдағы жоспарға сәйкес орындалуға тиісті міндеттерін таныстырды. Есепті баяндамадан соң аудан әкімі сала басшыларына тапсырмалар жүктеп, аудан аумағына қарасты өзекті мәселелерді де талқылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377