Сызған ауылының әкімі есеп берді
Созақ ауданы Сызған ауылы округінің әкімі 9 айдың қортындысы бойынша есеп берді. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-2016 жылы жергілікті салықтар бойынша іргелік жер салығының жоспары 90 пайызға орындалған. Сондай-ақ, мүлік салығы 82 пайызға жетіп отыр. Жыл соңына дейін белгіленген межені орындаймыз,-деді, Сызған ауыл округінің әкімі Манат Тоққожаева.
Бүгінде Сызған ауыл округінде 27 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оларда тұрақты 39 адам жұмыспен қамтылып, 17 дүкен, 1 дәріхана 6 шайхана 2 тойхана жұмыс жасайды. Алдағы кезде шағын кәсіпкерлікпен айналысатын субектілердің санын көбейту жоспарлануда. Мал басы артып, мүйізді ірі қара 3677 бас, майда мал, 37186, жылқы 1330 бас түйе 550 бас Әр шаруақожалық өз жүмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Мемлекеттің беріп жатқан көмектерінің арқасында шарулар мол ырысқа кенелген.
Сондай-ақ, «Шұқырой» су тоғаны ағымдағы жөндеуден өткізілді. Қайнар, Қозмалдақ елді мекені көшелеріне тас төселді. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу бойынша 7 км жолға қиыршақ тас төселіп болашақта асфалт төсеу жоспарлануда. Халықтың әл-әуқатын арттырып жұмыссыздарды жұмысқа тарту, аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек беру әкімшілік назарынан тыс қалмақ емес. Мүмкіндігі шектеулі жанға мүмкіндігінше көмек беріліп, атаулы күндерде қаржылай сыйлықтап табыс етіліп келеді.
Айта кетейік, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тапсырмасына сәйкес былтыр қабылданған «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң бойынша Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда) басшылары, әкімдер және ұлттық жоғары оқу орындарының басшылары жылына бір реттен сиретпей атқарылған жұмыс туралы халық алдында есеп береді. Аталған заңға сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік құпияларды қоспағанда кез-келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
Abai.kz