ЕЛБАСЫ ЕЛОРДАНЫҢ АТЫН ӨЗГЕРТУДІ ҚОЛДАМАДЫ
Елбасы кезекті рет депутаттардың десін қайтарды. "Кезекті рет" деуімізге себеп: бұның алдын да билік партиясы мен мәжіліс депутаттары Елбасын ерекше ұлықтау жарысына түскен болаты. Алдыңғысы президент Назарбаевты «Мәңгілік президент» мәртебесіне ұсынса, кейінгісі «нөмірі бірінші президент» деген атақты көлдеңнең тартқан. Алайда, Нұрсұлтан Әбішұлы «Ұлт көшбасышысы» аталып, екі жақтың бәсеке-бәйгесіне «ауыздық салған» болатын. Ақ жағалы ұлықтар содан кейін де шыдап жүре алмағандықтан Астана атын «Нұрсұлтан» деп өзгертуге ұмтылған. Сол ұмтылыс осы атпаның басында тағы да қайталанды. Бұл жолы Елорданың «есім-сойын» өзгерту дейтін мәселені Қуаныш Сұлтанов мырза көтеріп еді. Аузымен құс тістеген, тілді-жақты депутат ұсыныстарының қатарына президент Назарбаевтың аты-жөнін ерекеше атау керектігін, еліміздің басты нысандары да осы бір қайраткердің атымен аталуы керектігін депутаттық мандатын пайдалана отырып талап етті. Әйткенмен де, Сұлтановтыңда, оның әріптестерінің де ұыныс-тілегі...өтпей қалды. Осындай кезде Ақорданың маңынан табыла қоятын РФ баспасөзінің өкілдеріне сұхбат берген ҚР президенті:
- Мен осында тұрамын, барлығын естіп жатырмын. Интернетте жазып, айтып жатыр. Бұған жауап та беріп қойғанмын. (...) Бұл – бренд (Астананы айтады. - ред). Сондықтан атауын өзгертудің қажеті жоқ. Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ХХІ ғасырдағы бірінші саммиті өтті. Қысқы Азия ойындарын қабылдадық. EXPO-2017 өтеді. Осының барлығы Қазақстанмен байланысты, бірақ барлық жерде Астана айтылады. Мұны өзгертудің қажеті не? - деп сөздің төтесіне көшті.
Орыс журналистерімен сұхбаттасқан ҚР президенті Bloomberg News агенттігінің тілішілерімен де тілдесіп өзінің кейде көпшілік тарапынан сынға ұшырап қалатынын айтып берді.
- Мен көп жылдан бері жұмыс істеп келемін. Сондықтан сыналып жатырмын. Көп жұмыс істеу, аз жұмыс істеу... Бар мәселе жұмысыңның тиімділігіне келіп тіреледі. Өз қызметіңмен халқыңа пайдаңды тигізесің бе, тигізбейсің бе - мәселе осында деп есептеймін", - деді ол журналистермен әңгіме барысында.
- 2020 жылы Назарбаев президент сайлауына үміткер ретінде қатыса ма? Бұл турасында Елбасы былай деді:
- Біздің заң мен Конституциямыз жайлы айтсақ, олар маған кандидатурамды ары қарай да ұсынуыма мүмкіндік береді. Бірақ 2020 жылы не болатынын айтпаймын. Бұл көптеген факторға байланысты.
Abai.kz