Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 2999 0 пікір 26 Қараша, 2016 сағат 12:00

Жуантөбенің әкімі тоғыз айды қорытындылады

70 жылдық мерейтойын атап өткен Созақ ауданы Жуантөбе ауыл округінің әкімі Анас Жайлаубай тоғыз айдың қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг беріп, ауылдық әкімдіктің атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Анас Жайлаубайдың айтуынша, 9 айда ауыл шаруашылығы, білім саласы әлеуметтік салалар ілгері басқан.  Ұсақ мал 101 пайызға, түйе 102 пайызға, мүйізді ірі қара малы 102 пайызға артқан. Тұрғындар 12,3 миллион теңге көлемінде несие алып, 120 бас мүйізді ірі қара мал басын асылдандырылған.

Биылғы жылы «Балапан» бағдарламасы аясында жекеменшік 50 орындық балабақша жұмысын бастағалы отыр. Ауылдың 15 азаматы жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Ауылды таза ұстау мақсатында 17 рет сенбілік ұйымдастырылып, 120 тонна күл қоқыс шығарылып, 800 дана тал көшеттері егілді.

70 жылдық мерекеге орай, орталық мәдени сауықтыру алаңы демеушілер есебінен бой көтерді.  Жеңістің 70 жылдық мерекесіне, сондай-ақ, «Алтын», «Күміс» алқаиегерлеріне 2 миллион 397 мың теңгенің көмегі көрсетілген.

Айта кетейік, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94 қадамы, яғни кез-келген ақпараттың аштығын қамтамасыз ететін «Ашық үкімет» жобасына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер жылына кем дегенде бір рет халыққа есеп беріп отыруы тиіс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404