Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3297 0 пікір 26 Қараша, 2016 сағат 11:59

Мамытбеков кәсіпкерлердің талап-тілегін тыңдады

Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков кәсіпкерлермен кездесіп, осы саладағы түйткілді мәселелерді талқылады. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы, бүгінгі таңға аудан экономикасының дамуындағы шағын және орта бизнестің үлесі 35 %-ды құрайды. Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 млрд. 555 млн. 200 мың теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 109,5 пайызға тұрақтады, облыс көлемінде аудан, қала арасында Ордабасы ауданы көш бастап тұр. Өнеркәсіп саласында жүйе құраушы локомативті жобалар “Ордабасы-нан” ЖШС, “Ордабасы құс”, “Инфрастрой ЛТД”, “Батсу водоканал”, “Агро-V”, “Сейтбек әулеті”, ”Шұбар асыл тұқым кешені”, ”Оңтүстік қыш” және “Строй-юг групп” ЖШС-рі. 

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 9 айында жалпы құны 7 млрд. 562 млн. теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданды. Оның ішінде субсидиялау желісі бойынша жалпы құны 879,0 млн.теңгеге 3 жоба («Батсу Водоканал» ЖШС, ЖК «Жәнібек Сембек», ЖК «Сейтхан Серікқожа»), инфрақұрылымды дамыту желісі бойынша жалпы құны 6 680 млн.теңгеге 4 жоба («Аква Терм» ЖШС, «MEB Co» ЖШС,«KAZMERBLOCK» «Мерблок» ЖШС, «ФебСтрой» ЖШС), гранттық қаржыландыру бойынша 1 жоба 3,0 млн.теңгеге мақұлданды. 

Жиын барысында атқарылған тірліктермен қатар, кәсіпкерлікті оңтайландыру жолдары, жоспарлар, ұсыныс-тілектер тыңдалды. Аудан басшысы жеке жұмыс бастаймын деуші әр азаматтың тілегі қараусыз қалмайтынын атап өтті.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94 қадамын жүзеге асыру үшін қабылданған «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары халықтың талап-тілегін тыңдап, өздерінің жұмыстарына қатысты ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қабылдаулар, кездесулер өткізіп отыруы тиіс. Өңірімізде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жүріп жатқан «Ашық әкімдік» жобасы да осы мақсатты-билік пен халықтың арасын жақындастыруды, қарапайым тұрғындардың талап-тілектеріне дер кезінде құлақ асып, шешілуіне ықпал жасауды көздейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396