Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 2801 0 пікір 26 Қараша, 2016 сағат 11:55

«Фронт-офис» орталығында білім беру саласының жаңа жобалары таныстырылды

Шымкентте 28 қазанда іске қосылған «Фронт-офис» орталығының ашылу салтанатына қатысқан ОҚО әкімі Ж.Түймебаев халыққа қызмет етудің мұндай тиімді тәсілін қолдап, облыстағы барлық аудандар мен қалалар әкімдіктерінің осында келіп үйреніп, тәжірибе алмасу қажеттігін, осылай толық ашық жұмыс істеп, халыққа қызмет жасау керектігін тілге тиек еткен болатын.

Бүгін аталған орталықта «Білім жүйесін автоматтандыру» тақырыбында ұйымдастырылған шараға «Мектепішілік электронды бақылау жүйесі» SCC компаниясы мен «Баланы балабақша мен 1 сыныпқа электронды түрде орнату мен қабылдау жүйесі» КДС Азия компаниясының және «Мұғалімдерді электронды түрде тағайындау жүйесі» IT-invest group компаниясының өкілдері қатысып, өз жобаларын таныстырды.

Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына сәйкес, қаланың білім беру мекемелерінде мектепішілік электронды бақылау жүйесін, балабақша мен мектептің бірінші сыныбына баланы электронды түрде орнату жүйесін және мұғалімдерді электронды түрде тағайындау жүйесін енгізу мақсаты қойылған болатын.

Мектепішілік электронды бақылау жүйесі оқушы-ата-ана-мектепті қамтыған үш жақ арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың оқу үлгеріміне, мектептен тыс уақытын бақылауға оң септігін тигізеді деп күтілуде. Балабақша мен мектептің бірінші сыныбына баланы электронды түрде орнату жүйесі арқылы, ата-аналарға, барлық мектептер мен мұғалімдер туралы мағлұматты бір тізімде көру және салыстыру арқылы ең тиімділеріне өтініштерін электронды түрде беруге және бақылауға болады.

Сонымен қатар, ата-аналарға балаларын тұрғылықты тіркелу мекен-жайына тәуелсіз түрде, қалауындағы мектепке арнайы бөлінетін квоталық орындарға түсіру мүмкіндігі туады. Әрі, ізденушінің тұрғылықты тіркелген мекен-жайына қарасты мектепті анықтау мүмкіндігі беріледі. Мұғалімдерді тағайындаудың электронды жүйесі арқылы үміткерлер, мектептерде пайда болған бос орындарға өтініштер мен тиісті құжаттарын электронды түрде тапсыра алады.

Осы арқылы бос орындардың саны мен үміткерлердің тізімі электронды порталда жарияланатын болады. Жүйе арқылы үміткерлердің бос орынға тағайындалу конкурсының ашықтығы қамтамасыз етіледі.

Енгізіліп жатқан инновациялық жүйелердің қолданылуы, қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер тарапынан, тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсететін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ашылған «Фронт-офис» қызметі «Ашық әкімдік» жобасы бойынша жүзеге асырылады. Ал «Ашық әкімдік» Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94-қадамында айтылған «Ашық үкіметті» облыста жүзеге асыру жобасы болып табылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394