Ашық әкімдіктің» мақсаты-мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту
Оңтүстік Қазақстан облысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, әкімшілік кедергілерді жою бойынша «Ашық әкімдік» қызметі ашылды.
«Ашық әкімдік» - Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының 94 қадамына сәйкес, халыққа есеп беретін ашық үкіметті құру мақсатында жүзеге асырылды. Осы тапсырманы жүзеге асыру үшін қабылданған іс-шараларға сәйкес мемлекеттік мекемелер айлық, жылдық есептерін, түрлі құжаттарды ресми веб сайттарына орналастырып, немесе әлеуметтік желілер арқылы халық назарына ұсынуда. Осы арқылы халық мекеме жұмысына бақылау жасап отыра алады. Сонымен қатар, ашық ақпараттар толығымен «Ашық деректер», барлық қаулы жобалары «Ашық Нормативті Құқықтық Актілер», ал шоғырландырылған бюджеттік есептер мен бюджет жобалары «Ашық бюджет» порталдарында жариялануда. Бір сөзбен айтқанда мемлекет кез-келген ақпараттың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз етуде.
Мемлекеттік қызметке кірудің ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету мақсатында, республикада алғашқы болып облыс әкімі аппаратында бірыңғай конкурстық комиссиясы құрылып, осы конкурстар арқылы 73 адам мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылданды.
Білікті жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында облысымыздың жоғары оқу орындары үздік бітірген түлектер арасында іріктеу жүргізіліп, 50 жас маманнан тұратын «Кадрлардың алтын резерві» жасақталды.
Abai.kz