CҚО әкімі ғасыр жасаған қарияны мерейтойымен құттықтады
Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Павел Яковлевич Барильченко 100 жасқа толды. Мерейтой иесін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады.
«Біз Сізді бүгінгі мерейтойыңызбен құттықтай келіп отырғанымызға қуаныштымыз. Сіз халық шаруашылығын қалыптастыруда үлкен рөл атқардыңыз. Соғыста жеңіске жетуде Сіздің үлесіңіз ерекше. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт пен береке тілеймін. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің, шөберелеріңіздің қуанышына бөленіп жүре беріңіз», - деді өңір басшысы.
Екінші дүниежүзілік соғыс Павел Яковлевич Харьков авиация училищесінде оқып жүргенде басталды. Оқу орнын аяқтаған соң Павел Барильченко Кеңес армиясына шақырылды. Ол фашистік Германияға қарсы ұрыстарда Орталық және Белорусь майданында 2-ші әуе әскерінің құрамында болды. Соғысты майор атағымен аяқтады.
«Мен Украинаны, Белорусияны, азат етуге қатысып, Берлинге жеттім. Мені әуе әскерінен шақыртып, 23-ші әуе фронтының 2-ші әуе әскерінің бөліміне басшы етіп қойды. Краснодардағы педагогоикалық институтты тәмамдаған соң мұғалім, директор болып қызмет істедім. Содан соң туып-өскен Отаныма оралдым», - дейді ардагер.
Павел Барильченко «Қызыл жұлдыз» және «2-ші дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Белорусияны азат еткені үшін», «Украинаны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Қажырлы еңбегі үшін» және «Георгий Жуковтың туғанына 100 жыл» медальдарімен марапатталған.
Петропавл қаласының № 21 орта мектебі 22 жыл бойы Павел Яковлевичтің төрағалығымен қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.
Павел Яковлевич және жұбайы Нина Андреевна екі перзент тәрбиелеп өсірді. Бүгінде ардагер үш немере, екі шөбере сүйіп отыр.
Abai.kz