Сенбі, 23 Қараша 2024
Ұждан 5581 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 15:06

EЛБАСЫНЫҢ БАҒАСЫН ЕЛ БЕРЕДІ...

Ел билеушілерін мақтауға да, сынауға да негіз жетіп артылады. ҚР Парламентінің Тәуелсіздіктің 25-жылына байланысты Декларациясын бірлескен отырыста қабылдағанын  көргенде, XIY ғ. француз философы Клод Гельвецийдің көреген сөздері есіме түсті: «Өз билеушілерін бетіне басып сынауға хұқы жоқ халықтардың, мақтауға да құқы жоқ. Құлдардың мақтауы ештеңені де білдірмейді». Біздің осы парламент президентті сынап көрген емес, оны демек оны мақтауға да құқы жоқ. Себебі әділ сын барды «бар» деп, жоқты «жоқ» деп саралап баға береді.

Мен Қуаныш Сұлтановты сыйлаймын да, аяймын да. Ол Д.Қонаевты тақта отырғанда мақтап, тақтан түскенде Колбинге ұнаймын деп сынағандардың бірі. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің VІІІ (1987ж.) Пленумында іс пен сөздің алшақтығын, саяси сенімнің төмендігі, саяси тәкәпарлық, менмендік, құр мадақ биліктің беделін түсіретіндігін айта келіп, Қ.Сұлтанов былай деген еді: «Осы тұста менің ойыма мынадай сұрақ оралады: бірінші басшылықтың атағын аспанға көтерген кім? Көптеген белгілі басшылар, өздері Орталық комитеттің мүшелері, жылдан жылға үдете түсті, әуелі «құрметтіден» бастап, сонан соң не себепті «аса құрметтіге», одан кейін «көрнекті қайраткерге» айналдырды? Халықтың арасында қандай пікір туғызды, жастарға қандай үлгі көрсетті?». («Социалистік Қазақстан», 17март, 1987жыл.)  

Ал президентті жарыса мақтаған депутаттар бүгін жастарға қандай үлгі көрсетіп отыр?

«Құлдардың мақтағаны ештеңені де білдірмейді» деген осы емес пе?

Қазақстандықтар Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегіне шын бағасын береді, бірақ жарамсақтардың  мақтауын  халық қабылдамайды. Президент те қабылдамас деймін. Мақтау психологиялық шегінен шыққанда мадақтаған тұлғаға да жағымсыз пікір тудырады, «мақтатып отыр» дегендей ой қалдырады, айналып келгенде беделіне де көлеңке түсіреді. Осыдан табынусыз мәдениет болмайды, ал мәдениетсіз табыну қауіп деген сөз шыққан.

Қазіргі жастар ақпараттық заманның жастары, өзімізді өзгемен салыстырып  бағалайды, арзан сөзде алданбайды.

Тарихи тұлғаның беделін бағалау мен оған табынудың арасын айыра білу саяси мәдениеті бізге жетпей жатыр.

А.Айталы. философия ғылымдарының докторы, профессор

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377