Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2629 0 пікір 22 Қараша, 2016 сағат 13:17

Мақталы жер көлемі артып келеді

Мақта зиянкестеріне алаңдауға негіз жоқ. Облыс әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығы жеріне залал келтіретін зинкестермен қарсы күрес шаралары бекітіліп, жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Ал шілдеден бастап мақталы аудандарында көсек құртының көзі жойылуда. Яғни, егін алқаптарын өңдеу шарасы басталғалы тұр.

Облыс мәслихатының 3-сессиясында көтерілген бұл мәселе облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың Мақтаарал ауданына барып келуіне себеп болыпты. Ол зиянкестен қаншалықты қауіп туып тұрғанына өзі көз жеткізіп қайтқан.

Шенеуніктің мәлімдеуінше, былтыр 36 мың гектар жер қайта өңделсе, биыл бұл көрсеткіш екі есе артып, 56 мың гектар жеткізілген. Ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлік мекемеге қарасты ғылыми-кеңес орталығын ашуға қаржы бөлініп, бұл бағытта да жұмыстар атқарылуда. Орталық шаруаларға кәсібін агроталаптарға сәйкес жүргізуге көмектеспек.

Зиянкестерге қарсы күрес өсімдіктерді қорғау жөнінде былтыр қабылданған бағдарлама бойынша жүзеге асады. Гектарлық субсидия қайта бөлінетін болса, шаруа зиянкестерге қарсы препараттарды өз қаржысына сатып алады.

Жауаптылар осы жүйені қалыпқа келтіру үшін жұмыс жасап жатыр. Сонда шығынға бататын шаруаның қатары азайып, өнімділік екі есе артады деп отыр.

Аудан дихандары 139 мың гектар егістік жердің 122744 гектарына шитті мақта, 4834 гектарға дәнді дақылдар, 5092 гектарға бау-бақша өнімдері (көкөніс, бақша, картоп,) 860 гектарға жеміс-жидек, 566,2 гектарға жүзім, 5830 гектарға азықтық дақылдар егіп, бүгінгі таңға 1400 тонна бидай, 29000 тонна көкөніс, 37500 тонна бақша өнімдері өндіріліп алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5554