Сенбі, 23 Қараша 2024
Өз сөзі 5614 0 пікір 14 Наурыз, 2017 сағат 12:03

САҒАДИЕВ БАСҚАРАТЫН МИНИСТРЛІК ABAI.KZ-ке ЖАУАП БЕРДІ

Бүгін біздің портал "ҰБТ-ДАН ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АЛЫНЫП ТАСТАЛҒАНЫ РАС ПА?"  деген мақала жариялаған еді. Соған орай тиісті орындар жауап берді. Биыл мектеп бітірушілердің 100 пайызы қазақ тілінен емтихан тапсырады, - делінген біздің электронды почтамызға келген хабарламада.  

"12 жыл бойы орыс мектептерінің түлектері қазақ тілін ҰБТ аясында тапсырып келген болса да, оның нәтижелері есепке алынбаған еді. Тіл білімін бағалау нәтижелері грантты алуға ықпал етпеген. Сонымен қатар, мектеп түлектерінің бір бөлігі қазақ тілін тест негізінде емес, мектепте әзірленген билеттер бойынша тапсырған" делінген министрлік таратқан хабарламада.

"ҰБТ-ның екі кезеңге бөлінуіне байланысты, сондай-ақ, биылғы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілінен емтихан тапсыруы мақсат етіліп қойылып отырғандықтан, аттестатты алу үшін әрбір түлек емтихан тапсырып, тіл білімін тестілеу қорытындылары бойынша сәйкес бағасын алуы тиіс", - дейді министрлік өкілдері.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339