Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Саясат 14595 1 пікір 11 Наурыз, 2017 сағат 14:55

ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

Фото: sayasat.org

«Саясат-Monitoring» әкімдердің ақпан айындағы мониторингін жариялады. Іскерлігі мен ұйымдастырушылығымен көзге түскен әкімдердің ішінде Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек, Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев көш бастап тұр.

Рейтинг түзушілер Б.Байбектің бірінші орынға көтерілуін Универсиаданың сәтті өтуімен байланыстырыпты. Және Ресей Президенті В.Путиннің ресми сапарын да ойдағыдай өткізді депті. Жөн-ақ.

Астананың әкімі Әсет Исекешевтің екінші орынға жайғасуына КСК қызметтерін, балабақшаға кезекке тұру, ауруханаларға қаралу, кезек тұру сықылды тұрғындрға аса қажетті салаларға е-қызмет енгізбекші болып жатқан ұмтылысы себепкер болғанға ұқсайды. Дегенмен, әлі де болса жоспар күйінде тұрған бұл істен гөрі, Исекешевтің әлеуметтік желі арқылы қала халқымен тікелей әрі ашық сөйлесіп, байланыс орнатқан ашықтығы көпке ұнаған сықылды.

Ал, үздік үштікті түйіндеп тұрған Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев өткен айда Қуандық Бишимбаевтың ісіне қарамастан шыны зауытының төңірегіндегі мәселелерді реттеп, оның уақытында іске қосылуына жол ашты. Әкімнің бұл ісі оның аймақ деңгейіндегі ғана іскер тұлға емес, жалпы салмағы, ықпалы бар әкім екенін аңғартты. Сондай-ақ, облыстағы энергия және газдандыру мәселелерін де аймақ басшысы оңтайлы шешіп отырғаны есепке алыныпты.

Әкімдер рейтингіндегі үздік үштік – осы.

Нұра Матай

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048