Бишімбаев ісіне қатысты жаңа деректер жариялануы мүмкін
Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жаңа деректер жариялануы мүмкін. Ол турасында Ұлттық бюроның тергеушілері мәлімдеп отыр.
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі бюджет ақшасын жымқырып қана қоймай, қызметін де ақылы түрде пайдаланған дейді тергеушілер. Яғни, теңгесін төлегендерге министрлік тарапынан қолдау жасап, тіпті заңсыз істерге дейін көрмегендей сыңай танытқан.
Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро олардың нақты кім екенін әзірге ашып айтқан жоқ. Белгілісі, заңды белшеден басқан экс-министрге қатысты тағы бірнеше бап бойынша іс қозғалған.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген қаржының миллиард теңгесін жымқырған деп айыпталуда.
Абай-ақпарат