Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 18876 0 пікір 9 Наурыз, 2017 сағат 17:04

Қазақстан дамыған елдердің қатарында 71-орында

Жақында "US News & World Report" журналы әлемнің дамыған елдердің тізімін жариялады. Ол тізімнің көшін  Швейцария  бастап тұр.

Швейцарияның өкшесін баса Канада, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Швеция және АҚШ тұр.

Экономикасы екпінді дамып келе жатқан елдердің сапында Біріккен Араб әмірліктері, Сингапур мен Үндістан бар екен.

Біз әлемнің қарыштап дамыған елулігіне енуге екіленіп отырғанда, "US News & World Report" бізді бұл тізімнің 71-сатысына жайғастырыпты. Ал дамығандар мен дамушылардың барлығы 80 ел екен. Ал былтыр дамушылар тізімінде 60 мемлекет болды. Ол кезде Қазақстан 55-орынға табан тіреген еді.

"Қазақстан - Дүниежүзіндегі ең ірі мемлекеттер қатырана кіреді. Мұхитқа шықпайды. Территориясының басым бөлігі Орталық Азияда орналасқан. Шығыс Еуропада шағын ғана аумағы жатыр. Қазақстан - ОА аумағында табиғи қазба-байлығы есебінен ең ірі экономикалық өсім көрсетіп отырған мемлекет. Ол уран өндірісі жөнінен әлем елдерінің алыдында тұр. Және оның экономикасы мұнай секторына бағытталған. 1990-жылдармен салыстырғанда бүгінгі таңда жан басына шаққандағы ішкі өсім 10 есеге артқан. Қазақстан - БҰҰ, ЕҚЫҰ және өзге де Халықаралық ұйымдардың мүшесі " деп жазылыпты "US News & World Report" веб-сайтында.

Қазақстаннан кейін тізімде Боливия, Украина Пәкістан мен Ангола бар екен. Дамушы елдердің тізімін Сербия түйіндеп тұр. Ол сексенінші орында.

Ал Солтүстіктегі көршіміз Ресей бұл көште 27-орынға жайғасыпты.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377