Сенбі, 23 Қараша 2024
Жалқы сұрақ 10441 0 пікір 9 Наурыз, 2017 сағат 15:15

САҒАДИЕВТІҢ "САУАТ АШУЫ" САУАТСЫЗДАРДЫҢ ӘЛІППЕСІ МЕ?

БжҒМ ұсынған "Сауат ашу" пәні төңірегіндегі әңгіме әлі толастамай тұр. Ахмет Байтұрсынұлы жазып, құрастырған "Әліппенің" орнына енгізген "Сауат ашу" дейтін оқулықтың сауатсыздығын басқа-басқа, депутаттардың өзі айтып жатыр.

Осы ретте біз жақында ғана қолымызға түскен деректерді салыстырмалы түрде назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

1935 жылы  "Қазақстан баспасынан" ("Qazaqьstan baspasь") жарық көрген "Сауаттандыру" (сауатсыздар әліппесі) дейтін кітап табылды. Дәлірек айтсақ, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов және Әмірхан Сыдықов бірігіп шығарған бұл оқулық 3 бөлімнен 85 беттен тұрады. I-бөлім "Әліппе бөлімі",  II-бөлім "оқу материалдары" және  III-бөлім "арифметика". 

Дәл осындай екінші оқулық - "Сауат ашу методикасы" деп аталады. Алматы 1940 жыл. Авторы - Әлішер Сәдуақасов.

Бұл оқулықтарды Қазақ ССР Оқу ағарту халық комиссариатының ғылыми зерттеу институты шығарған.

Демек, БжҒМ министрі Ерлан Сағадиевтің "Сауат ашу" деп айдар тағып, мектептерге енгізіп отырған пәні ай даладан, албаты алынбаған көрінеді. Бұл министрді я болмаса оқулық авторларын ақтау емес. Жоғарыда аталған оқулықтар мен Сағадиевтің "Сауат ашуындағы"  айырмашылықтар жер мен көктей екені тағы рас. Мұндағы айтпағымыз, Биағаң мен Ғабаңнің және  Әлекеңдердің "Сауат ашуының" мұқабасында "Сауатсыздар әліппесі" деген анықтауыш  тайға таңба басқандай көрсетілген. 

Осыдан келіп халқының дені қара таныған қазіргі Қазақстандағы  министр Сағадиевтің "Сауат ашуы" сауатсыздардың әліппесі ме? деген заңды сұрақ туады.

Сонымен, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов және Әмірхан Сыдықов бірігіп жазған оқулықтар туралы ғалымдар не айтады екен деп, профессор Айгүл Ісмақоваға хабарластық.

"1935-1940 жылдары шыққан оқулықтар бар. Оның ғылыми анықтамалары да бар, - деді Abai.kz ақпараттық порталының тілшісіне профессор Айгүл Ісмақова, - бұл жерде мынаған назар аударған жөн. Б.Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Сыдықовтың шығарған оқулығы Сталиндік жүйе Алаш арыстарын қудалауды бастаған тұста жарық көрген. Ахаңның - Ахмет Байтұрсынұлының әліппесіне қатер төнген тұста Майлиндер, Мүсіреповтер осындай оқулық шығарып, Большевиктер билігіндегі "сауатсыздардың сауатын ашу" мақсатында жазған болатын. Сондықтан да, оқулық мұқабасында Лениннің портреті бейнеленген. "Сауаттандыру" дегеннің төменгі жағында - "сауатсыздар әліппесі" деп көрсетілген. Ал, бүгінгі "Сауат ашу" дегенге келсек, маған күн сайын мектеп мұғалімдері мен ата-аналар хабарласып, оқулықтардың күрделілігін айтады. Қазір міне, үшінші тоқсан. Оқушылар болса, әлі күнге "Ш" әріпімен танысып жатыр екен. Үй жұмысы ретінде мәтін талдау (мазмұнын айту) деген тапсырмалар беріледі екен. Егер 1-сыныптың оқушысы "Ш" әріпіне енді келсе, ол қалай мәтінді талап оны оқиы алады? Бұған қоса басқа да олқылықтар жетіп-артылады. Бұл баланың миынан мипалау жасаудың жолы ғой...".

(Сауаттандыру. Сауатсыздар әліппесінің бетінен)

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373