Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4556 0 пікір 20 Ақпан, 2017 сағат 16:18

ҒАНИ ҚАСЫМОВ: ДИМАШ ЕНДІ ҚАЗАҚ ӘНШІСІ ЕМЕС!

Еліміздің экс-депутаты Ғани Қасымов әнші Димаш Құдайбергенов жайында пікірін айтты. Ол Димашты әлемдік маңызы бар феноменге теңеді.

“Мен үшін Димаш Құдайбергенов – әлемдік маңызы бар феномен, ол енді қазақ әншісі емес, ол Жер шарының барлық континенттеріне тиесілі гауҺар тас. Алайда туған өлкесі – оған күш пен шабыт сыйлайтын, оның ғажап талантынының кеңеюіне, ашылуына септігін тигізетін бесік. Ол ұлы Әміренің, дала дәстүрлері мен мәдени өркениеттің жалғасы. Мұндай игілігі бар біз оны мақтан тұтып қана қоймай, сирек ұшырасатын құндылық ретінде көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Сондай-ақ, оның қайталанбас, ғажайып дарынының әрі қарай дами түсуіне барлық қолайлы жағдайларды жасауымыз керек. Мен солай ойлаймын”, – дейді Ғани Қасымов.

Желі оқырмандары Қасымовтың пікірін қоштай түсті. Көпшілік оның әсерлі сөздеріне таңдай қақты.

“Оның ата-әжесі де, ата-анасы да өте қарапайым әрі мәдениетті адамдар, олар кәсіби әнші әрі музыканттар, сондықтан Димаштың үлгі алатын адамдары бар”, “Димаштың бар өмірі алда, халық әлі-ақ оған деген махаббатын білдіреді, ал ата-анасын ҚР-дың ең үздік наградаларымен марапаттау қажет”, “Сізбен қазақ халқы келіседі”, “Дұрыс айтасыз, аға”, “Осындай пікірді естігім кеп жүргелі қашан”, “Көпшілік оның қадірін түсінбеді, енді ол Қытайдағы байқауға қатысып, бүкіл елді мойындатып жатыр”, “Сіздің сөзіңізге қосарым – ол әзірге сирек кездесетін алмас тас, егер мемлекет қолдау көрсетсе ол нағыз гауһарға айналар еді”, – дейді олар.

 

Нұрсұлу Найманова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377