Өміржан Әбдіхалық. Қазақта саяси мектеп бар ма?
Оразмұхаммед от қарудың сыры мен құпиясын қазақ жеріне жеткізгенде бәлкім, өрісіміздің өңі өзгерер ме еді?! Оразмұхаммед елге жеткенде, онымен бірге ел басқарудың түрлері, оны дамыту мен жетілдірудің неше түрі қазақ топырағына келіп, қазақтың хандық мемлекеттік жүйесін жаңа сапаға, жаңа кезеңге шығарған болар еді. Амал қайсы, Оразмұхамед оралмады.
Сөз жоқ, ел болып іргесін жапқан қазақ хандығының тарихы 1465 жыл деп есептесек, Хан Кененің он жылдық ұлт-азаттық көтерілісімен соңғы рет ышқына бұлқынып, Хан Кененің басындай ізім-ғайым тарих қойнауына кеткен қазақтың хандық мемлекеттік құрылымының өзіндік ерекше жолы болды. Және өзіндік саяси мектебі болды.
Хандық мемлекет тұсындағы саяси мектепті қазақ билері қалыптастырды. Мысалы,
«Әй, Абылай, Абылай,
Мен сені алғаш көргенде,
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің,
Үйсін Төле бидің
Оразмұхаммед от қарудың сыры мен құпиясын қазақ жеріне жеткізгенде бәлкім, өрісіміздің өңі өзгерер ме еді?! Оразмұхаммед елге жеткенде, онымен бірге ел басқарудың түрлері, оны дамыту мен жетілдірудің неше түрі қазақ топырағына келіп, қазақтың хандық мемлекеттік жүйесін жаңа сапаға, жаңа кезеңге шығарған болар еді. Амал қайсы, Оразмұхамед оралмады.
Сөз жоқ, ел болып іргесін жапқан қазақ хандығының тарихы 1465 жыл деп есептесек, Хан Кененің он жылдық ұлт-азаттық көтерілісімен соңғы рет ышқына бұлқынып, Хан Кененің басындай ізім-ғайым тарих қойнауына кеткен қазақтың хандық мемлекеттік құрылымының өзіндік ерекше жолы болды. Және өзіндік саяси мектебі болды.
Хандық мемлекет тұсындағы саяси мектепті қазақ билері қалыптастырды. Мысалы,
«Әй, Абылай, Абылай,
Мен сені алғаш көргенде,
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің,
Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің», - деп келетін әйгілі Бұқар жыраудың жыр жолдары қазақ билерінің саяси мектебінен сыр береді. Қазақ билері біз білетіндей, ел арасындағы даудың түйінін тарқатып қана отырмаған олар халықаралық мәселе де, елдің ішкі мәселесінде, хан ордасынан шығатын жарлықтар мен орда маңындағы саяси мәселелерге де араласып отырған және шешуші рөл атқарған. Қазақ билері қалыптастырған саяси мектептің ең үлкен жетістігі ретінде қазақ жерінің тұтастығының сақталып қалуын айтуға бек негіз бар. Бұл саяси мектептің құқықтық саладағы жетістігі - «Жеті жарғы», «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы». Көшпенді хандық мемлекеттегі билер қалыптастырған және жетілідіріп отырған көшпенділердің саяси мектебінің шырқау шегі Хан Абылайдың билігімен тұспа-тұс келеді. Бұдан кейінгі жерде билер негіздеген саяси мектептің құлдырауы басталды десек те болады. Хан Әбілқайыр мен Ресей патшалық үкіметінің арасындағы келісімнің жасалуы және бұ келісімнің тым ұзаққа созылған тарихи салдары біз сөз ғып отырған саяси мектептің әлсірегенінің куәсі. Біздіңше, Хан Әбілқайырдың әрекетін сатқындық деп бағалауға болмайды. Хан Әбілқайырдың қадамы саяси қателік болатын және көшпенді мемлекеттегі саяси мектеп сол тұстағы саяси жағдайларға жауап бере алмады.
Әрине, бұдан кейінгі жерде билердің саяси мектебі елі ішінде ғана ықпалы бар билік құрылымына айналды. Тіпті, кейбір кезде ел ішінде дегі саяси топтардың алдында әлсіздік танытты. Бірақ, қазақ билерінің қалыптастырған саяси мектебі өз миссиясын толығымен атқарды. Ол тіпті, қазақ елі Ресей боданына айналған кезеңде де жұмысын тоқтатпады. Сөзсіз, қазақ хандық мемлекетіндегі саяси мекетептің түп тамыры Шыңғысханның алып империясынан бастау алып жатқаны белгілі.
Сонымен, көшпенді хандық мемлекеттегі саяси мектептің ең соңы әскери хандық билікке ұласып, Хан Кененің ұлт-азаттық көтерілісінің жеңіліс табуымен аяқталды.
Одан кейінгі жерде қазақ даласындағы заманауи саяси мектептің қалыптасуының басында Абай тұр деген пікір бар. Абай саяси тұлға емес. Бірақ, Абай шығармалары саяси мектептің алғышартына негіз болды деуге қисын бар. Алайда, хандық мемлекет тұсындағы саяси мектептің жоқтығының салдарынан ел ішіндегі билік өзінің шаруашылық және жеке мүддесін көздеушілердің қолына өтіп кетті. Тіпті, Абайда болыс болып көрді. Яғни Абайда жаңа саяси мектеп қалыптастыру ой болуы мүмкін. Бірақ заман талабы, дүниенің өңі өзгеріп кеткен еді.
Жаңа заманауи саяси мектептің басында Әлихан Нұрмұхмедұлы Бөкейхан тұрды. Егер, Әлихан Бөкейханның төре тұқымынан яғни хан тұқымынан екенін ескерсек, онда көшпелі хандық мемлекеттегі саяси мектептің 20 ғасыр басында түбегейлі өзгеріп, жаңа саяси мектепке айналғанын көруге болады. «Хан баласында қазақтың қақысы бар, тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын» деген Әлиханның сөзі біз айтып отырған екі саяси мектептің сабақтастығын және жаңа саяси мектептің көшбасшысының үлкен жауапкершілікті мойнына алғанын көрсетеді.
Әлихан Бөкейхан екі буын қазақ саясаткерлері тәлім көрген жаңа саяси мектептің көшбасшысы әрі негізін қалаушы болды. 1905 жылғы қазақ халқының атынан Ресей патшасына жазылған құзырхаттан бастап, Мұхтар Әуезовтің көзі жұмылғанша еткен еңбегі осы Алаш саяси мектебінің жұмысы. Алаш саяси мектебі жаңа замандағы озық ойлы қазақ саясаткерлерін қалыптастырды және ұлттық территориялық автономия құрды. Яғни Тәуелсіздікке бір табан жақын қалды. Дәл осы жерде тағы Оразмұхамед алдымыздан шығады. Егер, Оразмұхамед от қарудың құпиясын және өзі көрген дүниені қазақ даласына жеткізгенде, жеткенде бәрі басқаша болар еді. Бұл мақала да мүлдем басқаша жазылар еді... Неге? Себебі, Алашорда ұлттық территориялық автономясын жариялаған екінші жалпықазақ съезінде бірден тәуелсіздік жариялайық деген пікірлерде бой көтерген. Алайда, оған қазақтың әскери әлеуетінің жоқтығы, тұрақты армиясы, жетілген қаруының болмау бөгет болған. Міне, Оразмұхедтің елге жете алмауын қайталап отырғанымыздың сыры. Совет өкіметі тарапынан Алашорда ұлттық территориялық автономиясы таратылғаннан кейін Алаш саяси мектебінің екінші буыны совет өкіметі жаққа өте отырып, басты мақсатта жұмыс жасады. Алайда, бұл да ұзаққа бармады. Сөйтіп, Алаш саяси мектебі ғылым мен білімге, мәдениетке яғни ағартушылыққа толығымен ден қойды. Ұлттың негізін сақтап қалуға, оны біржола жойылып кетуден сақтап қалуға күш салды. Өйткені, саяси мектептің көшбасшылары мен өкілдері совет өкіметінің болашағына жасаған болжамдарының шындықтан алыс емес екенін сезді.
Совет өкіметінің орнауымен бірге, жат билікке қызмет етуші топ пайда болды. Яғни жаңа совет өкіметінің саяси мектебінің адал шәкірттері өз өкіметтеріне риясыз қызмет етті. Өз кезегінде бұлардың қолымен қазақ жерінде қанқұйлы тарихи оқиғалар жүзеге асты. Жалпы, Алаш саяси мектебінің соңғы өкілі Мұхтар Әуезов дейтін болсақ, онда Мұхтар Омарханұлының ұлттық мәдениетте атқарған жұмыстары Алаш саяси мектебінің жемісі болып табылады.
Ресейдегі саяси биліктің өзгергеніне қарамастан, одан әрі жалғасқан бодан ел ретіндегі жылдарда Қазақстанды ұзақ жыл басқарған Дінмұхамед Қонаевтың өзіндік саяси мектеп қалыптастырғанын айтпауға болмайды. Бірақ, бұл саяси мектептің негізгі міндеті мен ұстанымы айқын болмағанға ұқсайды. Себебі, саяси мектептің ең әуелгі мақсаты лауазымды қызмет қана болған сияқтанады. Жалпы, екі көзі төрт болып Мәскеуге жалтақтаумен өткен бодан қазақ совет билігінің бүгінгі қазақ билігімен ұқсастықтары көп. Бүгінгі саясаттағы белді тұлғалар сол қазақ совет саяси мектебінің түлектері екенінде естен шығармағанымыз абзал. Қонаевты ел қарапайым адами қасиеттері үшін және тыныштық пен мамыражай тоқшылық заманға қазақты кенелткені үшін жақсы көреді. Әрине, бодан мемлекеттің басшы болса да, ол халқына адал болды. Сол үшін де халық жүрегінде бүгінгі Қонаев бейнесі сақталып отыр. Алайда, қазақ совет саяси мектебінде о бастан нақты біріктіруші айқын мақсат-мұрат болған жоқ. Бұл саяси мектептің өкілдерінің әрбірі ең жоғарғы билікке бір өзі ғана баруға ұмтылды. Бұл жолда олар ешнәрседен аянған жоқ. Мұндай саяси мектептің қалыптасуының негізінде саяси тұлғалардың тек және таным мәселесі жатты. Өйткені, кедейге теңдік әпереміз деп жар салған совет өкіметі жергілікті билікке кедейліктен көз ашпаған әлеуметтік, қоғамдық топтың өкілдерін тартты. Дәл осы процесс кезінде таным, тек, білім деген дүниелердің қат болуы себепті жергілікті билік үшін тартыстардың тарихи тағаны қалана бастады. Яғни саяси бәсекелестік руластықпен, тамыр-таныстықпен, жершілдікпен, байлықпен, ықпалмен өлшене бастады. Және бұл «дәстүр» кейін қанатын жайып, өзге де элементтермен толығып, толыса бастады. Бұл қазақ совет саяси мектебінің қалыптасуы еді.
Тәуелсіз Қазақстандағы бүгінгі қазақ билігі әрине, қазақ совет саяси мектебінің соңғы түлектері болып табылады. Тәуелсіздік жылдарындағы жаңа саяси мектептің бой көтеруі 2000-ыншы жылдардың басына дөп келеді. Сол кездегі саяси өмірдегі өзгерістер жаңа саяси мектептің негізі қалана бастағанынан хабар берген еді. Алайда, саяси күрестер кезінде жаңа саяси мектептің іргесі бұзыла бастағаны байқалды. Бірақ, Алтынбек Сәрсенбайұлын жаңа саяси мектептің көшбасшысы ретінде қарастырсақ, бұл саяси мектептің өмір сүріп жатқанын байқауға болады. Ол әрине, бүгінгі оппозиция емес.
Қазақта саяси мектеп бар ма деген сауал төңірегінде ойымызды қорыта келгенде, бұдан кейін де пайда болатын саяси мектептердің арқа сүйейтін және бойы мен ойын түзейтін жалғыз саяси мектеп - ол Алаш саяси мектебі екенін аңғардық. Яғни дәстүрлі ұлттық саяси мектепке арқа сүймеген, одан үлгі алмаған, оның ұлтқа қызмет етудегі ісін үйренбеген саяси мектеп қазақ арасында қолдауға ие болуы, оның өміршең болуы екіталай. Бұның бәрі әлбетте, жеке пікір. Оңаша ой.
«Абай-ақпарат»