Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3838 0 пікір 15 Ақпан, 2017 сағат 11:51

Әблязов тағы да Астанаға "тергеуге" шақыртылды

Қазақстандық банкир және опозиционер Мұхтар Әблязовты тағы да "тергеуге" Астанаға шақырды. Республикалық сыбайласқан жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметі бойынша, қызмет Әблязовты тергеу алдында жауап беру үшін 15 ақпанға Астанаға келуін сұраған.

Сыбайласқан жемқорлықпен күресу жөніндегі ұлттық бюроның мәлімдемесінде БТА Банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов "құрған қылмыстық топтың жеті миллиард доллардан астам қаражатты жымқыруын" тергеу жалғасып жатыр" делінген.

Әблязов "Қылмыстық топ құру және оны басқару", "Қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру", "Банктің қаражатын заңсыз жолмен пайдалану", сондай-ақ өзгенің мүлкін иемдену және қызмет бабын асыра пайдалану баптары бойынша күдікті атанып отыр.

Өткен жылдың желтоқсанында Мұхтар Әблязов француз түрмесінен босап шықты. Мұнда ол 2013 жылдың жазынан бері отырды. Францияның мемлекеттік кеңесі Әблязовты Ресейге беру жөніндегі үкіметтік шешімнің күшін жойып, істің саяси астары барын мойындады.

Бұған дейін Әблязовты сыбайласқан жемқорлыққа қарсы қызметке 10 ақпанда "тергеуге" шақыртқан еді, "бірақ ол белгіленген уақытта келмеді, оның себебін түсіндірмеді", делінген бюро мәлімдемесінде.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1112
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2646
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 768
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 736