"МӘҢГІЛІК ЕЛ" ИДЕЯСЫ КОММУНИЗМНІҢ ЕЛЕСІ ЕМЕС
Қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстармен қылмыстық іс-әрекеттердің, атап айтқанда, жемқорлық, парақорлық, жалақорлық, зинақорлық және маскүнемдік сияқты нәпсіқұмарлықтың бәрі – білімсіздіктің белгісі. Білімділіктің бірінші белгісі жан тазалығы, жан тазалығының жоқтығы білімінің жоқтығы. Олай болса қоғамдық қатынаста қалыптасқан білімсіздікті жою үшін, отандық білім беруді рухани тұрғыдан түбірінен өзгертуге тура келеді.
Оған себеп, тәуелсіз еліміздін конституциясында, ҚР-сы өзін зайырлы мемлекет деп жариялауына байланысты, дін мемлекеттен және мектеп діннен бөлінген – деген атеистік қағиданың заңдық күші жойылған.
Өйткені, зайырлы мемлекет дегеніміз – дүниенің түп негізі «материя» бастапқы, ал «Рух» оның туындысы деп, рухани дүниені жоққа шығарып, материалдық дүниеге артықшылық беретін атеистік мемлекет емес.
Зайырлы мемлекет дегеніміз – христиан әлемінде дүниенің түп негізі «рух» алғашқы, ал «материя» соңғы туынды деп, рухани дүниені жоққа шығармай, керісінше рухани дүниені қастерлейтін мемлекет.
Олай болса, дін мемлекеттен және мектеп діннен бөлінген деп, рухани дүниені жоққа шығаратын, материалистік білім беру жүйесі, тәуелсіз еліміздін конституциясына қайшы келгендіктен, оны бюджеттен қаржыландыру заңсыздық, яғни қылмыс болып табылады.
Оған себеп, Кеңес Одағынан мұра болып қалған материалистік білім беру жүйесі, яғни рухани дүниені жоққа шығаратын материализм – шынайы ғылым емес, жалған ғылым болғандықтан, коммунизм идеясымен бірге, бәсекеге қабілетсіз жалған білім ретінде, әлемдік өркениетте өзін-өзі масқара етіп, тарих сахнасынан біржола кетті.
Сонымен бірге, дін мемлекеттен және мектеп діннен бөлінген деп, рухани дүниені жоққа шығаратын, материалистік білім беру жүйесі, конституцияда баянды етілген «Адамдардың қадір-қасиетіне қол сұғылмайды» және «Заң мен Сот алдында жұрттың бәрі тең» деген азаматтардың конституциялық құқықтарымен бостандықтарына нұқсан келтіріп, діндарларды дінсіздерге тәуелді етіп, олардың ар-намысын қорлайды.
Сондай-ақ, жетпіс жыл санамызға берік орныққан материализмнің «Теріске шығаруды теріске шығару» заңы бойынша, заң белгілі бір жағдайға байланысты пайда болады, ол жағдай өзгерсе заңда өзгереді, жойылады деп, ескі атаулының жаңаға сабақтастығын ұдайы жойып отырады.
Сондықтан, материалистік білім беру жүйесі, ұрпақтар сабақтастығын ұдайы жалғастыратын Мәңгілік ел идеясының іс-жүзіне асуына кедергі, тосқауыл болады.
Ал мәңгілік – Жаратушыға тән, Жаратушының бір сипаты, оған күдік келтіру білімсіздік.
Мәңгілік ел идеясы Қазақстанды кезіп жүрген коммунизм сияқты елес емес. Мәңгілік ел идеясы – ұрпақтар сабақтастығын ұдайы жалғастыратын тәуелсіз еліміздің жасампаз халқының мәңгі – бақи өмір сүретін өлмес рухы.
Ендігі жерде ұрпақтар сабақтастығын ұдайы жалғастыратын Мәңгілік Ел идеясын іс жүзіне асыру үшін, білім беруде дүниенің түп негізі «Материя» немесе «Рух» деп талас тудырмай, оларды туынды ретінде қарастырып, дүниенің түп негізі жалпы адамзатқа ортақ сенім бір Жаратушы деп, материалдық дүние мен рухани дүниені бір-бірінен бөлінбес бірлік ретінде қарастыру арқылы, Үкімет Қазақстан халқына рухани негіздегі ғылыми білім беруді қамтамасыз етуі тиіс.
Ондағы мақсат, келер ұрпақтың санасын материалистік біліммен уламай, тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған жемқорлық, парақорлық, жалақорлық сияқты лас қылықтармен бірге, діни экстремизм, терроризм сияқты зорлық – зомбылыққа қарсы, адамдардың санасына ғылыми иммунитет қалыптастыру болып табылады.
Ғылым-Жаратушының бір сипаты оған күдік келтіру имансыздық. Ғылыми білім – материалдық дүние мен рухани дүниені талдап зерттеуден туады.
Өйткені, ғылым адам қызметінің жемісі емес, Жаратушының ісі болғандықтан, адам баласы жанынан ғылым жарата алмайды, адам жаралып, жасалып қойған нарселерді сезіп-көріп, талдап-зерттеу арқылы ақылмен танып біледі. Бүкіл әлемнің иесі де, тәрбиешісі де бір Жаратушы. Билік те, Үстемдік те бір Жаратушыда.
Олай болса, ҒЫЛЫМИ БІЛІМ – Жаратушыны тану, өзіңді тану, дүниені танудан тұрады. Жаратушыны тану үшін сенім ілімін, өзіңді-өзің тану үшін ахлақ ілімін, дүниені тану үшін жаратылыстану ғылымдарын оқып үйрену керек.
Оларды қасиетті Құран мен Хадистен Әбу Насыр Әл-Фараби мен Абайдың, Ыбырай мен Шәкәрімнің және Н.Ә.Назарбаевтың ғылыми танымдық еңбектерінен оқып білуге болады.
Материалдық дүние – бізді қоршаған «Барлық» және әдебиет, тарих, өнер, ән-күй, музыка десек, рухани дүние – адамның санасынан тыс ғайыпқа сенім. Дін – Жаратушының туындысы. Дін қоғамдық сана, адами сипат. Адами сипаттағы дін көп. Әркімнін санасы – өзінің діні. Жаратушының адамзатқа жіберген діні біреу – ол Ислам. Ислам – толықтырылған дін, ғылымды құлшылықтан жоғары қояды. Ғылымсыз ахиретте жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж, ешбір ғибадат орнына бармайды деген хакім Абай. Адамзатты біріктіретін ғылым, дін емес.
Адамзат баласының тәрбиесінің ғылыми негізі рухани білім. Рухани білімнің қайнар көзі Жаратушының жанынан келген кітаптар: Таурат, Забур, Інжіл және Қасиетті Құран мен Хадис. Ғылым мен Діннің негізі бір Жаратушыға сенім болғандықтан, материалдық дүние мен рухани дүниені бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды.
Осыған байланысты, балаға тәрбиелі білім беру үшін мемлекеттік білім стандарттарының ғылыми көзқарасын және жеке пәндер бойынша зерттеу нысандарын рухани тұрғыдан түбірінен өзгерту қажет.
Қысқарта айтқанда, Егемен еліміздің коммунистік формациядан капиталистік формацияға көшкенде, қоғамдық экономикалық базисіне сәйкес қондырмада да төнкеріс жасалып, мемлекеттік құқық, саясат, ғылыми, діни, ахлақ (мораль) және философиялық, эстетикалық көзқарастар өзгеруі тиіс болатын. Бірақ Үкімет өзінің әміршіл-әкімшіл жүйесін сақтап қалу үшін, ескі қондырманы сол күйінде қалдырып, төңкеріс жасамады.
Сондықтан қазіргі қолданыстағы материалистік танымдағы мемлекеттік білім стандарттары, тәуелсіз еліміздің конституциясының талаптары мен халықаралық білім стандарттарының ғылыми көзқарастарына қайшы келеді.
Осыған байланысты, Қазақстан халқына халықаралық білім стандарттарына сай, ғылыми көзқарастағы рухани негіздегі ғылыми білім беру үшін, ғылыми ұғымдарымызбен сенімдерімізді қайта жүйелеп, отандық білім беруді рухани тұрғыдан түбірінен өзгертуге билік басындағы рухани білімі жоқ материалист-шенеуніктер оған қарсылық білдіріп отыр.
Қорыта айтқанда, ұрпақтар сабақтастығын ұдайы жалғастыратын Мәңгілік Ел идеясын іс жүзіне асыру үшін, тәуелсіз еліміздің конституциясында баянды етілген зайырлы мемлекет ретінде, ғылыми ұғымдарымызбен сенімдерімізді қайта жүйелеп, халықаралық білім стандарттарының ғылыми көзқарастарына сай, отандық білім беруді рухани тұрғыдын түбірінен өзгерту туралы келер ұрпақтын еншісіне аманат етіп қалдырдық.
Ондағы мақсатымыз адамдардың санасын материализмнің бодандығынан азат етіп, қоғамдық қатынаста рухани негізі жоқ метериалистік білімнің үстемдігін емес, рухани негіздегі ғылыми білімнің үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қатынаста материалист-шенеуніктердің билігін емес, ХӘКІМДЕРДІҢ билігін қамтамасыз ету болып табылады.
«Мәңгілік Ел» Қоғамдық бірлестігінің атынан Келес Шәкібаев
Abai.kz