Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5628 1 пікір 30 Қаңтар, 2017 сағат 20:09

Назарбаевтың мұрагері туралы болжам шықты

Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҚР президенті Назарбаевтың мұрагері кім болуы мүмкін екендігіне болжам жасады.

«Назарбаев өзіне ізбасар ретінде кімді қояды деген сұрақ бәрін мазалауда. Екінші президент кім болса да, оның қазіргі президентпен салыстырғанда құзіреті азырақ болады деп болжай аламыз… Болашақта президенттің құзыреті одан әрі азая түсетін болуы керек», – дейді Сәтпаев.

Саясаттанушы президенттің орнына кім келуі мүмкін екенін тізбектеді.

«Тұлғаларға келетін болсақ, олардың тізімі күрт өзгеріп тұрады. Соңғы жылдары бұл тұрғыда тұрақтылық жоқ. Тізімге президент отбасының кей мүшелері, ескі гвардия және президенттік ортадағы адамдар кіреді. Мүмкін деп қарастырылып отырған үміткерлер саны айтарлықтай көп емес. Бұл оның қызы – Дариға Назарбаева, күйеу баласы Тимур Құлыбаев, ҰҚК төрағасының орынбасары Самат Әбіш те бар», – деп болжамдарымен бөлісті Досым Сәтпаев.

«Ортасындағы адамдарына келетін болсақ, онда бірнеше адамның есімін атауға болады. Иманғали Тасмағамбетов – қоғамда өте танымал саяси элитаның жалғыз өкілі деуге келеді… Тасмағамбетов саяси элита ішінде бәсекелестері көп болғанына қарамастан, өте үлкен танымалдыққа ие», – деп түйді саясаттанушы.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290