Жексенбі, 8 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4132 0 пікір 30 Қаңтар, 2017 сағат 19:51

БТА Банкінің бұрынғы басшысының орынбасары пікір бідірді

«БТА Банкі» АҚ басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов елге оралды. Оның ойынша, бүгінде шетелде жүрген Мұxтар Әбілязов саясатты жамылып, билікке таласуды көздейді, деп xабарлайды ҚазАқпарат сайты.

«Мен өзім саясатпен айналысқан емеспін. Енді, қатардағы азамат ретінде саяси жаңалықтарды оқып жүресің ғой. Дегенмен, бірде-бір партияның мүшелігінде болған жоқпын. Мен өзім - қазақи ортадан шыққан адаммын. Қазақ мектебін бітірдім. Сондықтан туған жерім ылғи тартып тұрады. Ал Әбілязов мырзада ондай қасиет жоқ де ойлаймын. Меніңше, ол - космополит, бір нәрсені істесе, жеке мүддесін көздейді. Соның ішінде банк те, сондағы менеджерлер мен қызметкерлер оның қолында белгілі бір мақсатқа жетудің құралы ғана болды. Адам билікті аңсаса, не айтуға болады? Оның ұстанымы сондай, көзқарасы сондай. Оған қарсы мен не істей аламын? Өз басым менің ісіме саясаттың ешбір қатысы жоқ де ойлаймын», - дейді Жарымбетов.

Айта кетейік, бүгін Жарымбетов арнайы баспасөз мәслиxатын өткізіп, өзіне қатысты таралып жатқан алып-қашпа әңгімелерді жоққа шығарды. Оның сөзіне қарағанда, қаңтардың 17-сі күні Түркияның шекара қызметі оны жалған төлқұжатпен жүргені үшін ұстаған болатын.

«Полиция учаскесінде отырғанда мен өзімнің шын аты-жөнімді айттым. Сосын Ыстанбұлдағы Қазақстанның ресми өкілділігіне xабарласуды өтіндім. Сөйтіп, қаңтардың 20-сы күні мені Қазақстанға экстрадициялады. Ертесінде мені тергеу абақтысына қамады. Осы уақытқа дейін сонда болдым. Маған ешқандай зорлық-зомбылық пен қысымның жасалмағанын мәлімдегім келіп отыр», - дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, осыдан 8 жыл бұрын басталған қылмыстық іс кезінде үрей-қорқыныш болды. Сол себепті Жарымбетов бірден бой тасалап кетті. Ал Әбілязов үшін оның елге оралғаны тиімсіз болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1553