Сенбі, 23 Қараша 2024
Көкмұнар 7644 1 пікір 26 Қаңтар, 2017 сағат 11:27

ӘЛЕМДІ КІМДЕР ӨЗГЕРТЕДІ?

Көбіміз өмірде табысты болғымыз келеді, қандай бір мақтан тұтарлық жетістікке жетсек дейміз. Теледидардан, газет және кітаптардан көрген-білген табысты адамдарға қарап қызығамыз. XXI-ғасырдағы ақпарараттық технологияның арқасында қолымызды созсақ әлемдегі барлық болып жатқан маңызды оқиғалардан хабардар бола аламыз, және қалаған информациямызды лезде таба аламыз. Бұл технология заманында барлық нәрселер өзгеріп, бұрыңғысынан танылмас халге жетсе де, табысқа жету формуласы әрқашан қалпынша қалмақ.

Әрине, әрбір адамның өзіндік ерекшелігі болғаны сияқты, әрбірінің табыс сөзін жорамалдау тәсілдері де әрқалай. Яғни, біреулер үшін табысқа жету мол ақшалы болу болса, кейбіреулер үшін  білімді болу, немесе басқаларға көмек көрсету болып табылмақ.

Әрбіреуіміз өз қалаған салаларымызда табысқа жету үшін не істеуіміз керек?

Бұл сұраққа Пеннсилвания университетінің Психология ғылымының профессоры Анжела Дукворттың ойландыратын жауабы бар. Өткен жылдың маусым айында жарық көрген кітабы және осыдан шамамен 9 жыл бұрын жазған мақаласында Дукворт профессор табысқа жеткендердің бірінші және ең маңызды көрсеткіші ынтықтық және табандылық екенін баяндаған. Ол әскери академиядағы әскерлерден, мектеп мұғалімдеріне дейін, ұлттық  сайыстарға қатысатын оқушылардан, жеке меншік компаниялардағы жұмысшыларға дейін табысқа жеткендерді зерттеген. Солардың негізінде жасаған сараптамасында Дукворт профессор талантты немесе зияткерлік деңгейлері (IQ)  жоғарылар емес керісінше талантсыз және де көбінесе зияткерлік деңгейлерілері (IQ) орташа бірақ ынтық және табанды жандар екенін анықтаған.

Сонда бұл ынтықтық, табандылық дегеніміз не?

Ынтықтықты түсіну үшін ең алғаш ғашық болған кезіңізді есіңізге түсіріңіз. Сіз сол кездері ғашық болған адамыңызды күндіз түні ойлап, онсыз күн өтпей, онымен уақыттың тез өтетінін аңғарған боларсыз. Бір сөзбен айтқанда сол адамға ынтық болып жүрген кезіңіз. Дәл сол сияқты қандай салада болмасын жетістікке жету үшін өз ісіңізге ғашық, ынтық болуыңыз керек екен. Егер сіз таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін жұмыс жеріңіздегі уақытыңыздың тез өтуін қалайтын, жұмыс уақыты біте сала үйге асығатын жандардың бірі болсаңыз, сіз жұмысыңызға ынтық емессіз және де бұл жұмысыңызда табысқа жетуіңіз де екі талай деген сөз.

Iphone қол телефондарын, Macintosh компьютерлерін білмейтін жан жоқ шығар. Солардың негізін қалаушы Стив Жобс ынтықтығымен әйгілі болған. Ол Станфорд университетінің 2005-жылғы унивеситет бітіру рәсімінде сөйлеген сөзінде; ''Ынтық адамдар әлемді өзгерте алады. Әрбір адам өзінің не нәрсеге ынтық екенін табуы керек, егер таппаған болса таймай іздеуді жалғастыруы керек, еш түсіп берместен'' деген.

Жобс компютердің аппараттық технологиасына ынтық болмады, ол әр адамның өзіндік шығармашылығына көмектесетін технологиалық құралдар ойлап табуға, құруға ынтық болатын. Жобс, әріптестерінің айтуынша, өз ісіне өте әуес болған және жұмысының әрбір егжейіне ерекше мән беретін. Жұмысына ынтықтығы соншалық ''Стив Жобс болу'' атты өмірбаяндық кітабында ол жұмысы туралы жаңа идеялар ойлап тапқанында еш ойланбастан таңғы сағат 3-те әріптестеріне телефон шалып хабар беретін.4 Жобс технология арқылы әлемді өзгертуге ынтық еді, өзгертті де.

Ал табандылық сөзін тұрақтылық, түсіп бермеушілік және де сабыр сөзімен тең мағынада түсінсек болады. Әрине табыс адамға аспаннан салбырап түспейтіні бәрімізге мәлім. Әрбір адам жетістікке жету сапарында қайткен күнде сәтсіздікке ұшырауы ықтимал. Дәл осындай сәтсіз жағдайларда табыстылар табандылық көрсетіп, құлаған орындарынан қайта тұрса, басым көпшілігі  түсіп береді. Табандылық-ол сабыр.

Ал табандылық көрсетудің еліктірерлік үлгісі Жак Ма болса керек. Ол кең ауқымды көршіміз Қытай елінің 2-нші бай адамы және миллиард долларлық Алибаба компаниасының негізін салушы. Жак Маның өмірінің тең жартысы табандылық көрсетуге арналған десек те болады.

Жак Ма бастауыш және орта мектепке қабылдану емтихандарынан неше мәрте құлағанымен қатар университетке қабылдану үшін 3 мәрте емтихан тапсырыпты. Кейіннен 30-дай  іс орнына жұмысқа тұру үшін өтініш жазғанымен ешбірі жұмысқа қабылдамаған. Тіпті біз білетін KFC-дің өзі 24 адамнан 23-ін жұмысқа алғанда, тек Жак Маны ғана кері қайтарған. Сақшы академиасына да қабылданбаған ол, біраз уақыт айына 12 долларға ағылшын пәнінің мұғалімі болып істепті. Гарвард университетіне 10 мәрте қабылданбаған ол, еш қамықпай бір сөзінде; ''Мүмкін бір күні Гавардда сабақ берермін''  деген екен. 1999-жылы орнаған Алибаба компаниасы 3 жыл қатарынан ешқандай кіріс әкелмегенімен Жак Маның табандылығы арқасында 4-нші жылдан бастап кірісі молая бастаған.5 Онымен қоймай    2016-жылы технологиа саласында Жак Ма  Алибаба компаниясының негізін салушы ретінде әлемнің 8-нші ауқатты адамы аталған. Түсінгеніңіздей, неше мәрте сәтсіздікке ұшыраған ол, егер табандылық көрсетпеген жағдайда бүгінгі Жак Ма болмас еді.

Әрине, ынтықтығы мен табандылығы жетістікке, үлкен табысқа жетелеген адамдар саны Стив Жобс немесе Жак Мамен шектелмейді. Біз білетін барлық табыстылардың өмірінде ынтықтық пен табандылықтың ізін көруге, ұшқынын табуға болады. Сонда сізде, егер солардың қатарына қосылғыңыз келсе, ынтық болған ісіңізді тастамаңыз және бұл жолда табандылықтан таймаңыз. Ал егер қандай іске ынтық екеніңізді білмейтін болсаңыз, ең жақын арада іздеуді бастаңыз. Себебі  іздеген адам қалайда болсын әрқашан іздегенін таппақ. 

Әмине Қыдыр

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385