Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4249 0 пікір 25 Қаңтар, 2017 сағат 12:02

ЖАМАЛОВТЫҢ ЖҮЗІ "ЖАРҚЫН" ЕКЕН...

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловқа қатысты тексерістің қорытындысы бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біз бұған дейін Жамаловтың екі ЖШС құрылтайшысы екенін, депутаттар Заң бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналыса алмайтынын хабарлап, мақала жазған едік. Осыдан кейін құзіретті органдар депутаттың ісін май шаммен қарамақ болған.

"Комиссия мүшелері тексеруді толық көлемде жүзеге асырды. Бірінші дереккөздерден алынған ақпарат депутат А.М. Жамаловтың өз мүлкін сенімгерлік басқаруға беруге қатысты заңнамада белгіленген іс-қимылдарды уақтылы және заңнамаға сәйкес жүргізгенін растады", - делінген хабарламада.

Осылайша, ұсынылған растаушы құжаттарға және қазақстандық заңнаманың кәсіпкерлік және депутаттық қызметтің үйлеспеушілігі туралы нормаларына сүйене отырып, Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамаловтың ҚР Конституциясының 52-бабы 3-тармағының талаптарын бұзбаған деген қорытындыға келді.

Мәжіліс депутаты ХҚКО-да көз жұмған ер адам жайлы "Ол үйінде де қайтыс болуы мүмкін еді" деген пікірінен қатысты БАҚ бетінде біраз шу болған. Артынша депутат марқұмның туыстарынан кешірім сұрады. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3282