Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3552 0 пікір 25 Қаңтар, 2017 сағат 11:18

Бигелді Ғабдуллин сот залынан босап шықты

Астанадағы сот Central Asia Monitor газетінің бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының меншік иесі Бигелді Ғабдуллинді бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бірақ ол сот салынан босап шықты. Сот бас редакторды өзінің медиа ресурстары үшін аса ірі көлемдегі "мемлекеттік тапсырыстарды бопсасалау арқылы алған" деп шешті.

Сот шешімі бойынша, Ғабдуллин 10 жыл бойы жергілікті өзін өзі басқару органдарында қызмет атқара алмайды, басқарушы қызметке тағайындалмайды. Бас редактордың мүлкі тәркіленбейтін болды.

Сот жаза белгілеу кезінде сотталушының кәмелет жасқа толмаған балалары барын, 62 жастағы Ғабдуллиннің тергеу органына өз еркімен келуін ескерген.

Бигелді Ғабдуллин 2016 жылы қарашада қамауға алынған еді. Тергеу барысында және сотта ол тағылған айыптарды мойындап, "бопсалау арқылы алынған делінетін мемлекеттік тапсырыстарды" қайтарып берді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415