Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Билік 5011 0 пікір 20 Қаңтар, 2017 сағат 12:03

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ, ҚЫТАЙЛЫҚҚА ҚЫЛЫҒЫҢДЫ ҚИДЫҢ БА?

Аңсаған Мұстафаның суреті

Астанада қазақ қыздарын қалталы қытай жігіттерімен таныстыратын неке агенттігі ашылды. Қытай азаматтары қазақ қыздарына қатты қызығады.

Интернет материалдарынан

Құдай!

Енді қайтемін?

Досым менің, мына дерттің айт емін.

Жаңалық деп жар сап жатыр телеарна,

Болмас, сірә, бұл қауесет, әй, тегін?

 

Қаракөздер түсер ме екен құлдыққа,

Амал бар ма, көзге шұқыр шындыққа?

Абыройын әрең жапқан әлемде,

Болады екен дәл мынадай сұмдық та!

Өткен өмір өкпегінің бәрі шын,

Бабам жанын құрбан еткен ар үшін.

Қытайлыққа қылығыңды қидың ба,

Қазақ қызы!

Қайда кеткен намысың?!

 

Мен елімді асқақ шыңға теңеймін,

Дей алмаймын – ар-намысқа кедеймін.

... Кісәпірді қиып түскен қылыш боп,

Томиристің аруағына не деймін?

 

Елден асқан сұлу едің, шырайлым,

Сіңілісі сен едің ғой күн-айдың.

Қытайлыққа қолжаулық боп сен кетсең,

Атын қалай ауызға алам Ұмайдың?

 

Күндер қайда, жібектейін есілер,

Шындықты айтпай тілім қалай кесілер?

Қаракөздер қор боп жатса қытайға,

Зере менен Ұлжан қалай кешірер?

 

Жүрген емен, дабырадан мая сап,

Күнім қайда, жүретұғын май асап?

Қытайлық тұр, қалтасында қаражат,

Санасында – сұрқиялау саясат...

 

Қай қиырға бастар екен жол әлі,

Қиын екен, бұл ақылдың шолағы.

... Есіміңіз ұзақтау ед, ағатай,

Жиеніңнің аты қысқа болады!..

 А.Түсіпбекова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4931
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129