Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2962 0 пікір 17 Қаңтар, 2017 сағат 10:27

Дәурен Абаев ХҚКО-да қайтыс болған азаматтың туыстарына көңіл айтты

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Алматы қаласы Алатау аудандық ХҚКО-да қайтыс болған Құнтақов Жарас Нүркебайұлының туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты. 
Бүгін Астанада Азаттық радиосының тікелей эфирінде Уақытша тіркеу мәселесі талқыланған болатын. Аталған тақырыпты талқылауға белсенді заңгерлер мен сарапшылар, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қатысты. 
Министрдің айтуынша, ХҚКО-да енгізілген жаңа жұмыс форматы қаңтар айының аяғына дейін жалғасады.  ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі өз тарапынан барлық ақпараттық қолдау мен қажетті ақпараттық алаңдарды ұсынуға әзір.

Онлайн тәртібінде уақытша тіркеу осы аптаның соңында дайын болады
Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлім етті. 
 «Бүгінгі таңда 250 мыңнан астам адам тіркеуден өтті. Бұл өткен жылдың осы аралығымен салыстарғанда 5 есе көп. Біз онлайн тәртібінде уақытша тіркеу бағдарламасын осы аптаның соңына дейін бітіреміз. Осы орайда, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне қарасты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы аталған бағдарламаның техникалық жабдықтамасын 80 пайызға дайындап қойғанын айта кету керек.  Енді тапсырыс беруші ҚР ІІМ тарапынан нұсқау түскенде, бағдарлама жұмыс істей бастайтын болады»,-деді министр. 
Еске сала кетейік, бүгін Азаттық радиосының тікелей эфирінде Уақытша тіркеу мәселесі талқыға салынды. Аталған тақырыпты талқылауға белсенді заңгерлер мен сарапшылар, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қатысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483