Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3413 0 пікір 16 Қаңтар, 2017 сағат 10:41

Назарбаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріндегі екі күндік ресми сапары басталды. Мемлекет басшысы Абу-Даби ханзадасы Мұхаммед бин Заид әл-Нахайянмен, мемлекет қайраткерлерімен және осы елдің іскер топ өкілдерімен кездеседі.

Қазақстанның Абу-Дабидегі елшісі Қайрат Лама Шарифтің "Егемен Қазақстан" газетіне хабарлауынша, екі мемлекет арасында туризм, қаржы және энергетика салаларындағы әріптестік туралы келісім-шарттарға қол қойылады.

"Қазіргі таңда Әмірліктер араб және мұсылман әлемінде Қазақстанның сенімді серігіне айналды", - деп мәлімдеді Қайрат Лама Шариф.

16 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабиде "Болашақтың қуаты" халықаралық саммитіне қатысады. Қазақстан президенті 2017 жылы бірінші мәрте шетелге ресми сапармен шықты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446