Дүйсенбі, 18 Қазан 2021
Жаңалықтар 4091 0 пікір 13 Қаңтар, 2017 сағат 11:28

ҚХР елшісі: Қазақ қыздары қытай жігіттерін қатты қызықтырады

Қазақстандық қыздар қытайлық жiгiттердi өте қызықтырады. Журналистерге берген сұхбатында Қазақстандағы Қытай елшiсi Чжан Ханьхуэй осындай пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Екі ел азаматтары некелесіп жататын жайттар кездеседі. Қазақстанның көп азаматтары Қытайға жұмыс бабымен немесе оқуға келеді де, бiздiң елiмiзде қалып қойып жатады. Қазақ мəдениетін дəріптеп жүрген адамдар бар, Қытай тұрғындары сол адамдар арқылы Қазақстанның салт-дəстүрімен, өмiрiмен таныса алады. Бұндай некелерге бiз ынтыландырамыз деп айта алмаймын, бұл табиғат заңы. Бірақ, жақсы деп ойлаймын. Бұл - біздің халықтар арасында дəстүрлі достық бар, сол достық жемісін беріп жатыр деген сөз», - дедi журналистердiң сұрағына жауап берген Қытай елшiсi.

Оның айтуынша, Қытайдан келiп, жергiлiктi қыздарға үйленiп жатқан жiгiттер аз емес.

«Мұндай жағдайлар көп. Бұл қалыпты тәжiрибе. Мен мұндай некелердi құп көремiн. Ешкiмдi ешкiм шектемейдi. Қытайлық тараптан ешқандай кедергiлер жоқ. Бiрақ, әрине, екi жақтың да ниетi болуы керек», - дейдi ол.

Журналистер елшiден қытайларды қазақстандық қыздар нелiктен қызықтыратынын да сұрады.

«Қазақстандық қыздар қытайлық жiгiттерді өте қызықтырады. Қазақстандық қыздар өте сұлу, нәзiк, жоғары бiлiмдi, ата-аналарын, үлкен кiсiлердi сыйлайды, отбасыларын жақсы көредi. Дәстүр жағынан келгенде бiзде ұқсастықтар көп», - дедi ол.

Дерек көзі: Baq.kz

0 пікір