Сейсенбі, 6 Қазан 2026
Жаңалықтар 4257 0 пікір 13 Қаңтар, 2017 сағат 11:20

Эмомалидің ұлы Душанбе қаласының әкімі болып тағайындалды

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның үлкен ұлы Душанбе қаласы әкімдігінің басшысы болып тағайындалды. Рустам Эмомалидің жаңа қызметі туралы президент сайтында жарияланды.

2015 жылдың наурызында 29 жастағы Рустам Эмомали жемқорлықпен күрес және қаржыны бақылау жөніндегі мемлекеттік агенттігінің басшысы қызметіне тағайындалған еді.

Рустам Эмомали Душанбе басшысы қызметінде 65 жастағы Махмадсаид Убайдуллоевтың орнына отырды. Убайдуллоев қаланы 20 жыл басқарған еді. Оның қызметінен кету себебі хабарланбады.

Тәжікстанда өткен жылы конституциялық өзгерістер қабылданып, ол бойынша Эмомали Рахмонның президенттік сайлауға қатысуына шектеулер алынып тасталды, бұған қоса президенттікке үміткерлердің жас мөлшері 35-тен 30-ға дейін төмендетілді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 793
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1094