Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4279 0 пікір 10 Қаңтар, 2017 сағат 10:15

АШТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ НАШАР

Ақтаудағы Oil Construction Company кәсіпорны мұнайшыларының Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясын (ҚТКК) тіркеуді талап етіп жариялаған аштық акциясы бесінші күнге ұласты. Мұнайшылардың кейбірі денсаулығының сыр бере бастағанын, бірақ талаптары орындалмайынша нәр татпайтындарын, дәрігерлік көмекті де қабылдамайтындарын айтады.

34 жастағы жұмысшы Руслан Әбуовтың денсаулығы күрт нашарлап кетіп, мұнайшылар жедел жәрдем көлігін шақырды. Жұмысшылар Олжас Бөлеубаев, Тыныштық Сүтенов, Нұрпейіс Ишманов, Ғабит Жұмағұлов та денсаулықтарының нашарлай бастағанын айтты.

Кезекші дәрігер Сәуле Сәуменова ашығудың салдарынан жұмысшылар ағзасында сусыздану процесі жүріп жатқанын айтты. Алайда мұнайшылар ауруханаға барудан бас тартып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауданаралық экономикалық соты қаңтардың 4-і күні кеңсесі Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясын жабу туралы шешімін жариялаған.

ҚТКК құрамында болған Oil Construction Company жұмысшылары ресми кәсіподаққа кіргісі келмейтіндерін айтып, тәуелсіз кәсіподақты жабуға қарсылық білдіріп отыр.

ҚТКК басшысы Лариса Харькова кәсіподақ ұйымы билік белгілеген жарты жыл ішінде қайта тіркеуден өтіп үлгермей қалғаны себепті сот шешімімен жабылғанын айтады. ҚТКК 2003 жылы "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясына қарасты үш кәсіпорынның негізінде құрылған. Кәсіподақ ұйымның дерегінше, оның құрамында 2100 мүшесі болған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377