Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4374 0 пікір 9 Қаңтар, 2017 сағат 16:06

Қуат Найман: «Кімде-кім тіркеу мәселесімен келсе, сол жерде жер жастандырамын»

Әлем чемпионы Қуат Найман өзінің инстаграм парақшасында ҚР азаматтарын тіркеу туралы ережеге өз наразылығын білдірді, деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

Ол еліміздегі жұмыссыздық, қысқартулар, қымбатшылықты қатаң сынға алды. Осы қордаланған мәселенің кесірінен жастар ішімдікке әуестеніп, ұрлық, адам өлтіру секілді қылмыс көбейіп кеткенін айтады. Елдегі осы және өзге де мәселелерді де атап өтті.

«Біздің елде шешімін таппаған мәселлер өте көп. Оларды санауға менің де, достарымының да саусағы жетпес. Ауылдың халі мүшкіл. Барлық жерде жұмыссыздық, қысқарту. Азық-түлік, коммуналды қызметтің бағасы шарықтап барады. Егер күнін әрең көріп жүрген зейнеткер рульде отырып, камераға түсіп қалса, бір ай бойы аш жүруіне тура келеді. Алматыдан 100 шақырым жерге шықсаң мүлде басқа өмірді көресің. Жолдар 1945 жылдан бері жөндеу көрмеген. Жастар ішімдікке салынып, адам өлтіру, ұрлық көбейіп кетті. Адамдар аштан өлмеуі үшін қалаға келеді! Енді олар өз елінде жүріп, басқа қалаға барғысы келсе сол үшін ақша төлеуі керек пе? Құдай атымен уәде беремін, кімде-кім тіркеу мәселесімен келсе, сол жерде жер жастандырамын. Қазақтан - мұнай, газ, алтын, күміс, уран, мыс, алюминий көмірге бай. Ол бойынша әлемде алғашқы бестікке кіреді. Халық оның пайдасын көріп отырған жоқ! Осыдан кейін қарапайым халықты өздеріңнің айыппұлдарыңмен тонамақсыңдар ма? Нағыз патриот дегеніміз «Алға Қазақстан» деп айқайлайтындар емес, халықтың мұң мен мұқтажын сезінетін адам! Елде қанша қордаланған мәселе бар, олар болса айыппұлды ойлап тауыпты» деп наразылығын білдірді Қуат Найман.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048