Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3593 0 пікір 4 Қаңтар, 2017 сағат 16:42

Астанада өтетін келіссөзге Сириядағы кейбір саяси күштер қатыспауы мүмкін

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Сирия проблемасын реттеуге арналған келіссөздер 23 қаңтарда Астанада өтетіндігін мәлім етті. Бұл жайында ҚазАқпарат Блумберг агенттігіне сілтеме жаса отырып хабарлайды.

Бұған дейін түрік СІМ басшысы Ресей сарапшылары Сирия бойынша келіссөздерге дайындық мәселелерін талқылау үшін 9-10 қаңтарда Түркияға келетіндігін мәлім еткен болатын.  Сондай-ақ бұған дейін, РФ Президенті Путин мен түрік көшбасшысы Тайып Ердоған екеуі Сирияда қақтығысушы тараптарға Астанада бейбіт келіссөз үдерісін жалғастыруды ұсыну жайлы уағдаласқаны хабарланған болатын. Путиннің айтуынша, бұл Женева келіссөздерін толықтырады. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путинмен және Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесу барысында бұл бастаманы қолдап, Қазақстан елордасында мұндай келіссөздер жүргізу үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеген еді.

Кейінгі бір ақпарат Сириядағы кейбір саяси күштер Астанаға келуден бас тартып жатыр дегенді айтады.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052