Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5282 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 10:46

Шымкентте ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің қолдауымен  жергілікті тауарөндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді,-деп хабарлайды «Абай ақпарат» порталы.      

Жәрмеңкеге 30-дан  астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 96,3 млн.теңгені  құрайтын 167 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.  Оның ішінде 62  тонна ет, 57,5 тонна көкөніс, 15,5 тонна картоп, 5 тонна сүт  өнімдері мен 10 мың дана жұмыртқа, 2 тонна балық та бар.   Өнімдер нарықтағы бағадан     15 – 20 пайызға дейін арзан сатылды.

Шараның мақсаты – жаңа жыл мерекесі қарсаңында халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Айта кетейік, облыста салалық «Агробизнес – 2020», «Сыбаға», «Алтын асық», Құлан» бағдарламалары жоғарғы деңгейде іске асырылуда.

Ағымдағы қаңтар – желтоқсан айларына  ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 415,8 млрд.теңгені құрады. 

Ал, ауыл шаруашылығында негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 9,8 млрд.теңгеге жетті. 

Негізгі дақылдардың егіс көлемі дәнді дақылдар – 260,0 мың гектар,  майлы дақылдар – 80,8 мың гектар,  көкөніс – 40,4 мың гектарды,  бақша – 59,0 мың гектар,  картоп - 15,3 мың гектар,  мақта – 109,6 мың гектар және жеміс-жидек пен жүзім 30,0 мың гектарды құраған.

Биылғы жылы орташа есеппен – 676,0 мың тонна  дәнді дақыл жиналды. 

Сонымен қатар, 963 тонна   көкөніс, 1413 тонна  бақша, 277 мың тонна  картоп, 281,0 мың тонна  мақта, 125,8 мың тонна  жеміс-жидек және 64,2 мың тонна жүзім жиналған.

96 гектарға  жылыжай салынып, жалпы көлемі 1121 гектарға жетіп отыр.   Бүгінгі күні осы жылыжайлар есебінен    160,0 мың тонна көкөніс өнімдері жиналған.

Бүгінгі күні облыста қайта өңдеу саласында 198 кәсіпорын жұмыс істейді.  Олардың 27-сі  ірі кәсіпорындар санатына жатады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі 128,7 млрд.теңгені құрап, өткен жылдан 15,2 млрд.теңгеге  артып, нақты көлем индексі 104,6 пайызға жеткен.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5278