Жұма, 7 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 96922. Жазылғандар — 70680. Қайтыс болғандар — 1058
Билік 3260 0 пікір 26 Желтоқсан, 2016 сағат 13:45

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЗАҢНАМАЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

«Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік жүктемесі бар нысандарды өткізу үшін заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашы болды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов (суретте) журналистерге берген сұхбатында айтты.

Қазіргі уақытта жекешелендіру нысандарын, соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін де өкізу электронды аукцион тәсілі арқылы жүргізіледі.

«Егер компанияның ауыртпалықтары немесе әлеуметтік жүктемелер түріндегі кез келген арнайы шарттары болмаса, бұл шағын және орта активтер үшін жақсы әдіс. Жұмыс барысында осы әдісті жетілдіру жөнінде бізде ұсыныстар пайда болып, оларды Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігіне жібердік, бізді естиді деп үміттенеміз», - деді Тасмағамбетов.

Оның айтуынша, ірі компаниялар үшін электрондық аукцион мүлдем қолайсыз әдіс, өйткені заңға сәйкес, оған кез келген қосымша шарттар қоюға тыйым салынады. Ал бұл сатылымнан кейін компания қызметі бағытының толықтай өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Жақында «Самұрық-Энерго» АҚ нысандары екі сатылы конкурсқа шығарылды: «Маңғыстау электро тораптық бөлу компаниясы» АҚ, «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ және «ТегісМұнай» ЖШС. Осы компаниялардың барлығы бастапқы бағасынан бөлек, ықтимал сатып алушылар тарапынан орындалуы міндетті бірқатар шарттарға ие. Егер осы шарттар орындалмайтын болса, қор активтер ұстаушысы ретінде келісімшартты бұзуға және жаңа инвестор іздеуге құқылы, деп хабарлады басқарма бастығы.

Еске сала кетейік, «Самұрық-Қазына» қорының нысандарын жекешелендіру екі тізім бойынша жүргізілуде, оларға қордың еншілес компанияларының 44 ірі нысандарымен 172 шағын активтері кіреді.

Abai.kz

0 пікір