Желтоқсан айындағы көрсеткіштер сөйлейді
Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ шаруалары еліміз егемендік алған ширек ғасырда дәнді дақыл жинау бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізіп, рекорд орнатты, деп хабарлайды «Абай ақпарат» порталы.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарыныӊ желтоқсан айындағы мәліметінше, биыл өӊір дихандары 676 мыӊ тонна (өткен жылмен салыстырғанда 95 мыӊ тоннаға көп) өнім жинап, бұрын-соӊды болмаған нәтижені беріп отыр. Мұны орташа түсімділікке шақсаӊыз, гектарына 26 центнер дәнді дақылдан келеді.
Сонымен қатар, биылғы егіс маусымы шаруалардыӊ өзге де өнімдерді көптеп өсіріп, жинауда ыӊғайлы болған. Мәселен, осы маусымда жиналған көкөніс көлемі 109 мыӊ тоннаға артып, 963 мыӊ тоннаны құрса, бақша өнімдері 30 мыӊ тоннаға артып, 1 млн. 413 мыӊ тонна, картоп 22 мыӊ тоннаға артып, 277 мыӊ тонна, жеміс-жидек 64 мыӊ тоннаға артып, 126 мыӊ тонна, жүзім 22 мыӊ тоннаға артып, 63 мыӊ тоннаны көрсетті.
Мұнан бөлек, соӊғы үш жылда жерді жаӊа әдіспен игеру жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы тереӊ қопсыту технологиясы 86 мыӊ га енгізілді. Бұған дейін тәжірибе жүзінде мақтадан орташа есеппен 26-27 ц/га. өнім алынса, тереӊ қопсыту технологиясын енгізген шаруашылықтардан 40-45 цн/га. өнім алынуда. Аталған технологияныӊ катты топырақ ылғалдылығын сақтаудағы тиімділігін ескере отырып, бұл технологияны басқа да дақылдар мен тәлімі жерлерге қолдану ұсынылуда.
Айта кетейік, биыл егін шаруашылығы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,8 мыӊ гектарға артып, 788,6 мыӊ га болды.
Орташа есеппен республика бойынша өндірілген мақтаныӊ - 100 %, жүзімніӊ - 65 %, бақшаныӊ - 66 %, мақсарыныӊ - 40 %, жеміс-жидектіӊ - 31 %, көкөністіӊ - 24 % облыстыӊ еншісінде.
Бұл алдағы уақытта Оӊтүстік Қазақстан облысын республика халқын жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі орталыққа айналдыру әлеуетініӊ жоғары екендігініӊ бірден-бір айғағы, делінген хабарламада.
Абай ақпарат