«Сыбаға» бағдарлама бойынша 350 бас мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспарланған
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданында «Сыбаға» бағдарлама бойынша 350 бас мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Қалың қазақ жұрты ерте заманнан айналасып келе жатқан кәсіптерінің бірі – мал шаруашылығы. Ата-баба ізімен мал өсіруді бүгінгі жұртшылық мықтап қолға алды. Ауылдың тыныс-тіршілігімен қатар өрілген төрт-түлігі басты қазынасы. Бүгінде ескі кәсіпті жалғастырып отырған тұрғындардың қарасы мол. Кейбір тұрғындар мал шаруашылығын дамытпақ ниетте жеке кәсіп ашып, мал басын өсіруде. Мемлекеттің ауыл халқына қолдау көрсету мақсатында өз шаруашылығын бастап әрі қарай дамыту үшін қомақты қаражат алғандар қарасы мол. Соның негізінде 2011 жылдан бері «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырылды.
Бағдарлама аясында асыл тұқымды жас мал өсіру агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ірі қара мал және тұқымдық бұқа, негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналымдағы қаражатты толықтыру мақсатында 1 млн теңгеден 18 млн теңгеге дейін 7 жыл мерзімінде заңды тұлғаларға, шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге мөлшерлемесі — жылдық 6% сыйақы қарыз беріледі. Қарыз алушыларға қойылатын негізгі талаптар алушының төлеу қабілетінің болуы және қаржылық тұрақтылық, өтініш берілген күннен бастап 3 ай мерзімінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер берешегі болмауы, соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы, жағымсыз несиелік тарихының жоқтығы жөнінде малды ұстау қажетті инфрақұрылымның болуы сияқты талаптар қойылады.
«Сыбаға» бағдарламасының басты ерекшелігі қаржыны ет бағытындағы сиырлар мен асыл тұқымды бұқалар алуға жұмсалуы тиіс. Кепілдік мүлік ретінде тұрғызылған уақытына қарамастан, ауылдық жердегі құжаттары заңды тіркеуден өткен жағдайы қанағаттанарлық барлық құрылыс нысандары, автотехникалық мүліктерді қоюға рұқсат етілген. Қойылған мүліктің құны алынған несиенің 130 пайызын жабуға жеткілікті болуы тиіс. Өз шаруашылығын ашуға ниеттенген азаматтарға айтарымыз мал өсіргің келсе, өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал өсіруге дағдылану қажет. Бағдарламаның көздеген мақсатыда ірі қараның ет бағытындағы тұқым табынын көбейту. 25-30 сиырмен бірге бір асыл тұқымды бұқадан сатып алу міндеттелген. Қанша жылдар бойы «Сыбаға» бағдарламасы біздің ауданымызда да көрініс табуда. Осы ауқымды жоба шеңберінде қарапайым халық ірі қара сиыр малын асылдандырып, зор табыстарға жетуде. Ауданда былтырғы жылы «Сыбаға» бағдарлама бойынша 350 бас мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспарланса, 529 бас аналық сиыр, 27 бас асыл тұқымды бұқа малдары сатып алынып бұл көрсеткіш 151,1%-ға жеткен. Ендеше, ауыл тұрғындарының басым көпшілігінің назарына іліккен «Сыбаға» бағдарламасы айрықша халық арасында қолдауға ие. Алдағы уақыттарда несие алып, өз кәсібін дамытамын деушілерге бағдарламаның мүмкіндіктеріне жүгінуге болады. Ірі қара мүйізділердің саны мен сапасын жоғарылатып, мал шаршылығының ауыр жүгін сезінетін мамандар қашанда ұқыптылыққа бой алдырады. «Сыбаға» бағдарламасы әрі қарай тұрғындардың қажетіне жарап, өсіп өркендей берсін демекпіз.
Абай-ақпарат