Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3436 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 17:52

ОҚО-да 80 мың гектар жердің соры шайылды

2016 жыл мақтаралдықтар үшін табысты болды. Олай дейтініміз, соңғы 1 айдың ішінде 120 мың гектар алқап жыртылып,  жеміс егілді. Сонымен қатар, 80 мың гектар жердің соры шайылды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Еңбекке ерте кіріскен ауданда бүгінгі таңда 150 гектар жерге  қырыққабат, 46 гектардан астам жерге пияз егілді.

Келер жылғы жазғы дастарханның ажары – қауын-қарбыздың да көшеттері дайын.  Еңбектің ебін, диханшылықтың көзін тапқан мырзашөлдіктер  жылыжайдан өнім өндіруден  де қалыс қалар емес. Қыс ауасына қарамай тырбаңдаған жұрттың жиған-тергені арнайы қоймаларда сақтаулы.

Уақыт сағаты таяғанда өзге облыстарға экологиялық таза күйде жеткізілмек. Айта кетейік, Мырзашөл халқының былтырғыға қарағанда ұрты майлы. Сан-саладағы көрсеткіштері де едәуір жоғары. Оң нәтижеге дихандар мемлекеттік қолдаудың арқасында жетіп отыр.

Жамантай Бейсенбаев, Мақтарал ауданының әкімі;

Ауданның экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. Өткен жылы өндірілген ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 59,7 млрд теңге болды, оның ішінде: мал шаруашылығы 14,1 млрд. тенге, өсімдік шаруашылығы 45,2 млрд. теңге, ауылшаруашылығы саласына көрсетілген қызмет 425,7 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 101,9 пайызды  құрады.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2123
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5002
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4247