Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3948 0 пікір 27 Қыркүйек, 2010 сағат 06:36

Тоқтар Жақаш. Тұрысбеков 8 млн долларды жер астына тықпақ

Басынан «былығы» асып жатқан Мәскеу мэрі мен Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков «ыңғайсыз» келісімге келіпті. Ыңғайсыз болатыны сол, еліміздің есебінен бақандай 8 миллион долларды Мәскеудегі жер астына «сүңгітпек». Анығырақ айтқанда, біздің елші З.Тұрысбеков «Ресейдегі ең бақуатты бизнес-ледидің» күйеуіне Мәскеуде келесі жылы ашылғалы жатқан «Борисово» стансасын алғашқыда «Астанинская» деп атауды ұсыныпты. Өзара талқылай келе, кейін мәскеуліктер сөзді өзгертіп «Сатанинская» (сайтандық) деп атауы мүмкін депті. Сөйтіп, соңында «Казахстанская» деген атауға тоқтапты... Жәй ұсынса бір сәрі ғой, Зәкең әлгі стансаны әрлеу жұмыстарына 8 млн доллар бөлуге уәде беріпті. Мәскеу мэрі қатты қуанса керек, сасқанынан «бұл - биылғы Жеңістің 65 жылдығы және Ресейдегі ұстаздар жылында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық және одақтық қарым-қатынасының жарқын үлгісі» деп салыпты! Па, шіркін, десеңші! Әлде саясат деген осындай -  қабысса да, қабыспаса да сөзді сабақтастыра салу ма екен? Бұл жерде Жеңіс пен Ұстаздар жылының не қатысы бар?

Осы жаңалық жайлы Ресей ақпарат құралдары алақайлап әлемге жар салып жатыр. Саңырау да еститін дақпыртты тек біздің депутаттар ғана естімепті.

- Бұл туралы сенен енді естіп тұрмын, - деді телефон тұтқасын көтерген Алдан Смайыл бізге. - Мен алдымен мәселенің мән-жайын анықтап алайын, сосын барып сіздерге түсініктеме берейін, жарайды ма?

«Жарамайды» дей алмаймыз. Күтейік деп шештік. Журналистік зерттеуіміз тағы да Тұрысбековтың «арзан имиджге» арқа сүйеген бірқатар мәселенің бетін ашты: биыл Мәскеудегі Ә.Молдағұлова және Б.Момышұлы атындағы мектептерді тағы да Зәкең соңғы үлгідегі құрал-жабдықпен «жарылқап» тастапты. Ресейдегі елшілігіміз Мәскеу үшін «иіліп төсек, жайылып жастық». Құрал-жабдық болғанда да, еліміздің қиыр түкпіріндегі ауыл мектептерінің жарымай отырған  - компьютер, мультимедиялық қондырғы, түрлі оқулықтар дей ме, әйтеуір бір млн доллардың дүниесі. Ал Мәскеу тарапы әлгі екі мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 576 мың доллар ғана жұмсапты. Салыстырмалы түрде алсақ, орыс ақын-жазушылары атындағы орта мектептер біздің елде де жетерлік. Бірақ біз осы уақытқа дейін  Ресей елшілігі тарапынан дәл сондай қамқорлық жасалғанын естімеппіз.

Таяуда Алматыда ашылатын метро стансаларының біріне «Мәскеу» атауы беріледі екен. Біз Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулдығына телефон шалып, сол стансаны әрлеуді Мәскеу мойнына алады ма деп сұрадық. Аты-жөнін атағысы келмеген бір қызметкер: «Ондай мәселе біздің тарапымыздан көтерілген жоқ. Сондықтан, Алматыдағы метро стансасын әрлеу жөнінде «Алматыметроқұрылыс» компаниясынан сұраңыздар» деп жауап берді. Қайран, 8 миллион!.. Айтпақшы, өткенде құрғыр көзім интернет бетінен бір мәліметті көзім шалып еді. Құлсары қаласында атақты мұнай компаниясы кәсіптік-техникалық мектепті 9 млн долларға салып, пайдалануға беріпті. Одан да сол ақшаны дәл сондай оқу орнын ашуға жұмсаса не болар еді? Биыл шетелдік инвесторлармен кездескен Елбасы осы мәселеге баса назар аударды. «Тек биыл ғана елімізде 150-ден астам кәсіпорын ашылады. Онда кім жұмыс істейді?» -деді Президент кадр тапшылығына қатысты. Одан соң, жаңа мамандыққа оқытатын оқу ордаларын көбейту қажеттілігіне тоқталды...

Ойды ой қозғайды. Таяуда ғана АҚШ-та «кішкентай қыздарды жыныстық бопсалауға итермеледі» деп айып тағылған Жандос Бақытбекұлы 1,5 мың доллар кепіл жарна төлеп бостандыққа шыққан-ды. Сол кезде Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Немене, сол ақшаны біз төлеуіміз керек пе? Бізде ондай ақша жоқ», - деп кергіп еді. Ал мына желге ұшар 8 млн долларды есептесек, Жандос Бақытбекұлын 533 рет кепілдікке шығарып алуға болады екен. Сонда сыртқы істер министрлігіне не қымбат? Өз азаматы ма, әлде қымбатқа түскен арзан имидж бе?

«Халық сөзі», №14

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292