Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 11109 3 пікір 14 Мамыр, 2015 сағат 10:29

ТАРИХТЫ ЖАЛҒАН ЖАЗУ - ЖАЗА...

Соңғы жылдарда тарихи жазбалардың көбейгені соншама, тіпті, мақалалар түгіл – романдар, том-том кітаптар да  шығып жатыр. Әрине, бұған қуануға да болар еді. Бірақ, ғылыми түрде зерттеліп шындығы мен өтірігі зерделенбеген шығармалар тым көбейіп барады. Қазақтың  әр руынан  шыққан батырсымақтарды  өтірік даңғазалауды айтпаған да бір Шыңғысханның руы мен туған жері жайлы, тілі және дінін түрленткен   жазбалардың өзі шым-шытырық болып шашырап кетті. Ұлттық  тарихқа деген мұндай жауапсыздық, ертеңгі ұрпақ тәрбиесіне атүсті қарау болып  табылады. Жақында "Майдан кз" сайтында жарияланған Төреғали Тәшеновтың мақаласына көз жүгіртейік" ...Шыңғысхан жайында елімізде  аз  айтылып,  аз жазылған жоқ. Әдеби айтыстар мен дау-дамайларды айтпағанда, жазушы  Мұхтар МАҒАУИН  «Жұлдыз» журналының бірнеше санында жарық көрген және әлі де жалғастырып жатқан «Шыңғыс хан және оның заманы» атты төрт томдық тарихи деректі романын жарияласа,  журналист-жазушы   Әміре  ӘРІН  біраз  жылдан  бері  тұрақты  түрде  «Шыңғысхан»  атты  журнал  шы­ғарып келеді. Спорт  және  туризм  академиясының  ректоры  Қайрат ЗАКИРЯНОВ Шыңғысханның қазақ екенін дәлелдеймін деп, Моңғолиядан  бастап  АҚШ-қа дейін шапқылаумен жүр. Жазушылар  Марал  ЫСҚАҚБАЙ  мен  Бексұлтан НҰРЖЕКЕҰЛЫ, күйші-композитор  Шәміл ӘБІЛТАЙ  секілді зиялылар Тілеуберді Әбенайұлын  жақтаған пікірлерін батыл айтып та, жазып та келеді. Бұл салаға басқа да қазақ азаматтары  аз атсалысып жүрген жоқ. Тіпті, анау-мынауға елең ете бермейтін ақын  Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ  те «Шыңғысхан түрік тілінде сөйлеген»  деген  пікірді  мықтап  ұстанады.

Академик  Мұрат ЖҰРЫНОВ  былай  дейді: -  «...Бұрын да миллиондаған  адамы  бар  түрік  әлеміне  шағын  ғана әлсіз моңғол жұртынан шыққан адамның хан болуы түсініксіз және шындыққа ұласпайтын  жай болатын. Хан тек қана күшті елден, күшті тайпадан шыққан.  Шыңғыс ханның  туған  жері,  өскен өлкесі  Бұрқан және Түрген  деген  жерлерді  қазіргі  Моңғолия  аумағынан да, солтүстік Сібір өлкесінен де таба алмайсыз. Ол жақта ондай жерлер бұрын да, беріде де болмаған. Керісінше, дәл сол Бұрхан мен Түрген деген  жер-су  аттары  Жетісу  жерінде ежелден бүгінге дейін бар.

Шыңғысханның  кеңселік  құжаттары түрік тілінде жүргізілген. Моңғол болса, неге моңғол тілінде жүр­гі­зіл­меген ?... Шыңғыс хан – Алтай, Балқаш, Алакөл  өңірінде  өмір  сүрген адам. Қазіргі Моңғолияның аумағында  тұрмаған.  Осыны  ғалымдарымыз  дәлелдеп,  мойындату  керек. Бұл тез арада шешіле қоятын мәселе емес...

Сондықтан, Тілеуберді Әбенайұлын тыңдап, еңбегін ғалымдардың талқысына салдық. ҰҒА-ның  президиум  мүшелері  бұл  еңбекті  ары  қарай да жалғастырып, зерттеу керек деген қорытындыға келді...» - деп  тұжырымын айтты. ҰҒА  президенті  Мұрат  Жұрынұлының нақты ұстанымы осылай.

Жөн!  Енді  Шыңғысханның  руы - найман,  оның ішінде  матай  деп,  бірі  -  жалайыр,  бірі  тіпті  оның  руы адай деп еңбек жазып тастаған  зерттеушілеріміз   күш   біріктіріп,  аққу боп – көкке, шортан боп – суға, шаян боп – құрғаққа  тартпай  «Шыңғыс ханның  ұлты – түркі» - дегенді әлемге  дәлелдей  алсақ,  осының  өзі  әлемнің  түңлігін  бір желпіп тастар еді!..»      

Міне,  журналист Т. Тәшенов  қысқаша ғана осылай тұжырым айтады.   

Осын-ау, қарама-қайшылыққа толы деректер де мені көптен бері ойландыратын.  Биыл осы  мәселелерге  арнайы  көңіл  аударып,  сонау  орта ғасырда  жазылған  Плано Карпинидің  “Моңғолдар тарихы”  және  Гильом  Рубруктің  “Шығыс  бағытқа  саяхатым”  атты екі кітапты         кеше  ғана  оқып  шықтым.  Орыс тіліндегі нұсқалары ” Путешествие в Евразийские степи” атты жинақта жарияланыпты. Екі тілдегі – кітаптарды  – салыстырып  оқысам да… іздегендерімді таппадым. Жазылған уақытына қызығып, ХІІІ-ғасырдың бірталай  сырларына  қанығамын-ау  деген  үмітім  орындалмады. Себебі, жазу мәнерлері тым үстүрт те  табиғатты беру, этнографиялық  және географиялық  танымдары  мен  жазылу мәнерлері тым жадағай да таяз десе  болады. Плано  Карпинидің  жазбасы  тіпті  нашар ?!..

Соңғы жылдарда мынау Тілеуберді  Әбенейұлы айтып жүрген – Шыңғысханның ордасы мен Қарақорым - Алакөл - Түрген - Талас аймағында – дейтін пікірлерді анықтай түскен жөн. Себебі, Карпинидің айтуынша,  – “Күйіктің  қаған  тағына  отырар  күніне  үлгіру үшін ҮШ   АПТА      БОЙЫ   АТТАРДЫ   ЖИІ   АУЫСТЫРЫП,   ТІЗГІН   ҰШЫМЕН  ҮНЕМІ  ҰЙҚЫ  КӨРМЕЙ  ШАҚПЫЛАП  (желіп те емес)    ОТЫРЫП …  әрең  үлгіргендерін  жазады. Сонда, үш  апта бойы ат ауыстырумен шапқылап отырғандағы жүрістері күніне кем дегенде 95-100 шақырымнан деп есептеген де Монғол даласының қанша жерін қамтиды? Ендеше,  Шыңғысханың туған  жері мен Ордасы Жетісуда  екен  деушілердің  жобалап  емес, тек  ғылыми  дәлелмен  айтқандары  жөн.

Қалай  болғанда да... жоғарыдағы авторлардың  жағарафиялық  танымдарының  аздығынан  мен  іздеген  деректерді  таба алмағаныма  қатты  өкінемін. Бұлайша  жазып  отырған  себебім,  егер  Қарақорым  қаласы  Найман мемлекетінің және Шыңғысханның  ордасы  болса, онда қалай болғанда да Алтай  тауы  мен  Ертіс  өзенінің  арғы бетінде болса керек .  Ал, Шығысханның Ордасына  айналған  Қарақорым  мен  Түрік  қағанатының  Білгі -Тоныкөк – Күлтегіннің тас жазулары бір маңайда және  көршілес болуға тиіс еді. Бізге керегі де, тек осы тарихи деректердің ақиқаттығы…

ХАЛҚЫҢ мен ҰЛТЫҢНЫҢ ТАРИХЫН - ЛАЙЛАУДАН асқан қаскүнемдік пен арамзалық, ТІПТІ ОДАН ӨТКЕН ЖЕКСҰРЫНДЫҚ та болмаса керек... Өйткені, ӨТІРІК ТАРИХПЕН - Ұрпағыңды ДҰРЫС тәрбиелеу мүмкін емес! Ендеше, Қытай  жазбасындағы  5 МЫҢ жыл бұрын жазылған - КУННЫ  және  МОНГОЛЫ  - дейтін деректерді тіпті  ИНДИЯның деректерін де ескермей, ШЫҢҒЫСХАН - жалайыр - керей - үйсін - адай - деп  САНДЫРАҚТАУДАН,  КІМ  не  ұтпақшы? Ең масқарасы - ОНЫҢ туған жерін  ІЛЕ  мен  ТҮРГЕНГЕ  және  ЖАРКЕНТКЕ - ШУҒА - АЛАКӨЛГЕ әкеп  жүрген - Н.БЕКСҰЛТАН – Ы. МАРАЛ  -  Ж.МҰРАТ - анау жоғарыда келтірген  мақалада  көрсетілгендей,  бұлардың  іздегендері  не ? . .

АЛ мынау - ТІЛЕУБЕРДІ ӘБЕНАЙ - ДЕГЕННІҢ ӨТІРІККЕ ТОЛЫ ҚИСЫНСЫЗ ҚАЛЫҢ-ҚАЛЫҢ КІТАПТАРЫ... ОНЫ ШЫҒАРУШЫ -  ҚАЖЫМҰРАТ  ҮСЕНОВКЕ -  НЕ  ҚАЖЕТ  БОЛ ДЫ ?..   ИӘ-Ә,  Шыңғысқанның - анасы да, әйелі де - қоңыраттың  қызы,  АНА жағынан Теміршенің нағашы жұрты Қазақ екені белгілі. БҮЙТІП - ҰЛТЫҢНЫҢ ТАРИХЫН  -  ЖАРЫЛҚАМАЙ-АҚ ҚОЙЫҢДАР... БҰЛ - МАСҚАРА...   Біраз  білімді  ТАРИХШЫЛАРМЕН  кеңесіп көріп едім, олардың   ПІКІРЛЕРІ  - ТІПТІ  ЖАМАН  ЕКЕН - бұл мәселені  МЕМЛЕКЕТ ДЕҢГЕЙІН ДЕ  САРАПТАМАҚ  ойлары бар...                             

 

Совет Хан  Ғаббасов,

Жазушы дәрігер, фантаст, драматург, Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы,   Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,

 КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі,   ЗАЙСАН ауданының құрметті азаматы,

 Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты,  «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер одағының төрағасы,    Халықаралық  М. НОСТРАДАМУС  атындағы Академиясының толық мүшесі – академигі,  ПРОФЕССОР.

 

Редакциядан: Автордың айтпақ ойы, жазу стилі мейілінше түпнұсқадағы қалпында берілді.

Abai.kz          

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338