Депутат Тоқтарбай Қадамбаев Абылай ханға құрмет – Тәуелсіздікке тағзым, ұлттық намысты ұлықтау
29 қыркүйек. Мәжіліс үйі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда депутат Тоқтарбай Қадамбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады. Онда:
Алаштың баласына Абылайханның кім екенін айтып жатудың өзі артық. Ұлы Абай оны қазақ халқының қаһарманы десе, Мағжан «Алаштың арыстаны -Абылай ері» деп жырға қосқан.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Бурабайда Абылайханға арнап ескерткіш орнатылғанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Абылай туралы және оның ұлт тарихындағы орны жайында айтқан: «Әр халықтың тарихында есімі мәңгі өшпестей ел жадында сақталатын тарихи тұлғалар болады. Қазақ халқының тарихындағы сондай киелі тұлғалардың бірі ғана емес, бірегейі - Абылай хан... Абылай есімі қазақ тарихында ең көп аталып, ардақталған тұлға», - деген сөздері де халық жадында.
Абылай - шын мәнінде көзі тірісінде аты аңызға айналған, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін қырық жыл бойы аттан түспей күрескен ұлы тұлға. Оның қайталанбас асыл бейнесі ел басына күн туған, жоңғар шапқыншылығы өршіген, қазақ халқының тағдыры қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрған қиын-қыстау кезеңде жарқырай көрінді.

Абылай сыртқы күштерге қолбасшылық таланты мен саяси көрегендігін, күш-қайратын қарсы қойып, анталаған жауға тойтарыс берді, халқының басын құрап, елін, жерін жаудан азат етті, қазақ хандығының мемлекеттігін нығайтты, халқының тірлігі мен бірлігін сақтап, ұлттық мақсатын жүзеге асыруға күш жұмылдырды. Сөйтіп, қазақтың бостандығы мен болашағына жол салды.
Ол жеріне, байлығына көз алартып, жан-жақтан жау анталаған сол заманда билік тізгінін ешкімге ұстатпай, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізе білді. Сөйтіп, шет мемлекеттерді қазақ елімен санасуға, онымен тығыз экономикалық байланыс жасап, бейбіт қатар өмір сүруге мәжбүр етті.
Абылай билік жүргізген кезеңде көптеген жәрмеңкелер ашылып, көрші мемлекеттермен сауда-саттық жолға қойылды. Сондай-ақ, ол еліміздің солтүстік-шығыс шекарасын Цин қытай империясының жаугершілігінен қорғау мақсатында Ертіс жағалауындағы халықты отырықшылыққа бейімдеді, көрші мемлекеттердің тұрмыс жағдайларына назар аударып, халықты егіншілікпен, басқа да пайдалы кәсіп түрлерімен айналысуға шақырды.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Алдағы жылы осындай ел қорғаны, жер қорғаны болған алып тұлғаның туғанына 300 жыл толады. Бабамыздың үш ғасырлық мерейтойы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы шеңберінде мемлекеттік деңгейде атап өтілсе, нұр үстіне нұр болар еді! Еліміздің тұтастығы, ұлан-ғайыр жерімізді сақтап қалу үшін жаны мен арын аямаған Абылайдай асыл ердің еліне сіңірген еңбегі мен ерлігі болашақ ұрпақ үшін мәңгілік мақтанышқа айналуға тиіс. Абылай ханға құрмет - Тәуелсіздікке тағзым, ұлттық намысты ұлықтау, ата-баба әруағын сыйлау деп білеміз.
(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратып отыр.)