Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 8505 0 пікір 15 Сәуір, 2015 сағат 13:47

ҚАНАТ ЕСКЕНДІР. ҚОШ, НАСЫБАЙ!

Қазақпен бірнеше ғасыр жасасып келген, күміс шақшада жатып, жүректерді қағыстырған, сал-серінің, би-төренің саптама етігінің қонышынан орын тепкен, талай батырды жауға ұстап берген, мұсылман әлемінің кәйібі, арғы тегі - сексеуілдің шоғы мен тауықтың боғынан тараған...

Қазақтың соңғы ғасырлардағы мүйізі қарағайдай жазушыларының еңбектерінде ерекше аталған, талай медицина ғалымдарының түн ұйқысын төрт бөліп, талай бозөкпе оқушының таңдайынан орын тепкен...

...қайран Насыбай! Сен де кеттің мына заманның "салқынына" ұрынып...

Қош, қош, ескі "дос"!..

Амал жоқ, енді өзіңмен жасырын болса да жүздесіп, есірткі сатып алғандай астыртын саудалайтын боламыз...

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды) 


P.S. «ҚР Денсаулық сақтау мәселелері бойнша заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар» еніп, 18 сәуірден бастап елімізде рұқсат етілмеген темекі өнімдері, соның ішінде насыбайдың сатылмайтындығын ескертеміз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592