Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3044 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 08:23

Құжаттарды құпияландырудың не қажеті бар?

Талас Омарбеков, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Талас аға, «саяси репрессия тақырыбы жіті зерттелмеген» деген пікірлер жиі айтылады. Десек те, кейінгі уақытта бұл тақырыпты қолына алған жас мамандар да бар көрінеді. Біздің осы зерттеушілеріміз бұл тақырыптың бетінде ғана қалқып жүрген жоқ па?
– Бұл тақырып мүлде зерттелмеді дегенмен келіспеймін. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағанды кезең-кезеңімен бөліп қарастыру қажет. Алғашқысы Лениннің тірі кезінде пантүркизм идеясын жақтаушылар деп айып тағылып, бұл кейіннен Алаш зиялыларын қудалауға ұласты. Одан кейін «шылдық» дегенді ойлап шығарды. «Рысқұловшылдық», «қожановшылдық», «сәдуақасовшылдық» деген сияқты. Тарихшылар бұлардың барлығын біршама зерттеді. Бірақ әлі де болса ашылмай жатқан тұстар баршылық. Ол – Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жатқан тергеу материалдары. Бұлар – біздің ғалымдарымыз үшін, олардың келер ұрпаққа жазып қалдыратын тарихы үшін аса маңызды мәліметтер. Ахмет Байтұрсынов бастаған алашордашылар Бутырка түрмесінде отырды. Ораз Исаев, Тұрар Рысқұлов Мәскеуде атылды, олардың тергеулері түгелдей сол Ресей астанасында сақтаулы.
– Бұл құнды материалдарды алуға мүмкіншілік жоқ па?

Талас Омарбеков, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Талас аға, «саяси репрессия тақырыбы жіті зерттелмеген» деген пікірлер жиі айтылады. Десек те, кейінгі уақытта бұл тақырыпты қолына алған жас мамандар да бар көрінеді. Біздің осы зерттеушілеріміз бұл тақырыптың бетінде ғана қалқып жүрген жоқ па?
– Бұл тақырып мүлде зерттелмеді дегенмен келіспеймін. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағанды кезең-кезеңімен бөліп қарастыру қажет. Алғашқысы Лениннің тірі кезінде пантүркизм идеясын жақтаушылар деп айып тағылып, бұл кейіннен Алаш зиялыларын қудалауға ұласты. Одан кейін «шылдық» дегенді ойлап шығарды. «Рысқұловшылдық», «қожановшылдық», «сәдуақасовшылдық» деген сияқты. Тарихшылар бұлардың барлығын біршама зерттеді. Бірақ әлі де болса ашылмай жатқан тұстар баршылық. Ол – Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жатқан тергеу материалдары. Бұлар – біздің ғалымдарымыз үшін, олардың келер ұрпаққа жазып қалдыратын тарихы үшін аса маңызды мәліметтер. Ахмет Байтұрсынов бастаған алашордашылар Бутырка түрмесінде отырды. Ораз Исаев, Тұрар Рысқұлов Мәскеуде атылды, олардың тергеулері түгелдей сол Ресей астанасында сақтаулы.
– Бұл құнды материалдарды алуға мүмкіншілік жоқ па?
– Тергеу материалдары бірнеше томнан тұрады. Оны барып қарау керек шығар. Әрине, алдыруға да болады, оған ҰҚК-нің құзыреті әбден жетеді. Сонымен қатар сол ҰҚК-нің мұрағатында да біраз тергеу материалдары бар. Міне, осы құжаттармен жұмыс істеп, зерттеулер жүргізу қажет. Осы тақырыптармен жұмыс істеуге дайын жастар жоқ емес, алайда материалдарды қолға түсіру оңайға түспейді. Кезінде мен Қазақстан тарихшыларының сенаты құрамында болғанда ҰҚК-нің мұрағатына кірдім. Сол жердегі қызметкерлер: «Түркістан легионына қатысы бар адамдар мен концлагерьде болған азаматтардың тергеулері бізде жоқ», – деді. Кейіннен басқа комиссияның құрамымен барғанымда, тергеу істері материалдарының көп екенін көзім шалды. Бірақ ол құжаттар ғалымдарға берілмей отыр. Заман өзгерді ғой, соншалықты құпияландырудың не қажеті бар? Ары-беріден соң қазір ешкім 20-30 жылдардағы саяси қылмыстар үшін жауап беруге міндетті емес. Сол сияқты ҰҚК де ОГПУ-дың жасаған қиянаттарына жауап бермейді. Бірде аспирантыма тақырып ретінде бекітіп, атылған 18 халық комиссарының бірі, егіншілік саласына жауапты болған Нығмет Сырғабековтің тергеу құжаттарын алуға барғанбыз. Өзімізбен бірге ол кісінің қызы Роллан Нығметованы да ертіп алдық. Жеке ісқағаздары қолымызға тигенін қайтейік, құжаттардың кейбір беттерін бір-біріне желімдеп тастаған. «Мынаны ашу керек қой» десек, ҰҚК қызметкерлері: «Ол беттерде зиялылар бірін-бірі жамандаған, қаралаған», – дейді. Оны ұрып-соғып, зорлық көрсетіп жазғызып алғанын барлығы біледі. Сондықтан құжаттарды тықпалап, тарихты бұрмалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Сондай-ақ бұрынғы партияның ОК-нің архиві болған қазіргі Президент мұрағаты бар. Кезінде ОГПУ орталық комитетке қанша адамға қатысты іс қозғап, қанша адамды атқаны жайында есеп беріп отырған. Қазір сол есептер Президент мұрағатында ОГПУ-дың арнайы қорлары болып сақталған. Алайда ол құжаттарды да ала алмайсыз. Қазақтың тарихын жазуда, міне, осындай олқылықтар бар. ОГПУ-дың ресми тіркеген 372 көтерілісі бойынша зерттеу жүргіздім. ОК-нің тапсырмасымен Әліби Жангелдин, Сәкен Сейфуллин және комиссияның хатшысы ретінде Ғабит Мүсірепов Қарақұм көтерілісшілеріне жіберіледі. Билік олар арқылы буырқанған халыққа мынадай уәде-сәлемдемесін жеткізеді: қаруын тастап, ауылдарына қайтқандарға ешқандай қудалау болмайды, қайта оларға жағдай жасалады. Әлекеңдер халыққа түсіндіріп, олардың аптығын басады. Алайда көтерілісшілер қырды аса бергенде ОГПУ-дың әскері оларға оқ жаудырып, қынадай қырып тастайды. Мұны Жангелдин, Сейфуллин, Мүсіреповтер білмейді. Алматыға келген соң бұл оқиғадан хабардар болған Әлекең Голощекинге наразылық білдіреді. Сөйтіп жүргенде өзінің басы біраз дауға қалады. Бұл да үлкен саяси қуғын-сүргін ғой. Бірақ 37 жылғы репрессиямен салыстырғанда, мұндай саяси сатқындықтар туралы көп айтыла бермейді.
– Саяси қуғын-сүргін зұлматынан жапа шеккендер мен құрбан болғандардың жалпы саны қанша?
– Енді әрбір кезеңде атылғандар өте көп. 1937-1938 жылдары ең үлкен террор орын алды. Осы жылдары 50 мыңнан аса азамат құрбан болды. Бай-құлақтарды жазалауда – 200 мың, оның алдындағы түрікшілдік, қазақ ұлтшылдығын айыптау, депортация, сонымен қатар 50 жылғы қуғын көргендер бар. Осылардың саны әлі де болса нақты емес. Саяси қуғын-сүргін деген – өте үлкен мәселе. Егер Желтоқсан оқиғасын қосатын болсақ, барлығы 500 мыңнан кем емес. Бұлардың қатарына аштықтан қырылған 2 миллионнан астам қазақты қосып отырған жоқпын. Асылында, тікелей 58-інші, 107-інші, 111-баптармен кінә тағылғандар мен «социалистік меншікке қол сұқты» деп айыпты болғандар ғана саяси қуғынға ұшырағандар деп есептеледі. Мұны айтып отырғаным, аштықтан көз жұмғандарды саяси қуғын көргендердің қатарына қосуға болмайды.
– Бірақ қазақтардың байлығы болған төрт түлігі жұттан қырылып қалған жоқ қой. Менің айтайын дегенім, аштықтың өзі солақай саясаттың салдарынан болған жоқ па?
– Бұл, негізінде, кеңестік биліктің әлеуметтік шаруашылықтағы реформасының шикілігінен шықты. Егер ет дайындау науқаны болмағанда, қазақ даласында аштық болмас еді. Ет науқаны индустрияландыру кезінде басталды. Ол кезде Мәскеу, Петербор сияқты үлкен-үлкен қалалар мен Қызыл армияның негізгі бөлігін етпен, қазақтардың малдарымен қамтамасыз етті. Негізі, кез келген елде саяси қуғын-сүргін құрбандары деп белгілі бір баппен айыпталғандарды атайды. Сондықтан аштықты Украина сияқты жеке қарастыруымыз керек. Ашаршылық құрбандарына жеке монумент орнатылуы қажет. Сол кездегі 4 млн 800 мың қазақтың 2 млн 300 мыңы қырылып қалды. Біздің кейбір жазушыларымыз 4 млн қазақ қырылды деп жүр. Бұл тарихи шындыққа жанаспайды. Себебі қазақтардың жалпы саны 5 миллионға жетпеген. Мен бұл деректі қайдан алғанымды айтайын. Кезінде жаппай отырықшыландыру саясаты басталған тұста көшпенділерге үй салу үшін, құрылыс материалдарына кететін шығынды есептеу үшін кеңес билігі қазақтардың санын еріксіз дәлме-дәл шығарған. Ресейде қазір тарихты бұрмалауға қарсы комиссия құрылып жатыр. «Өздерің 4 млн болған екенсіңдер, аштықтан қырылғандардың 4 млн деген санын қайдан алдыңдар?» десе, біз оны қалай дәлелдемекпіз? Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргінді шатастырмау керек дегенді айта-айта, тотықұс болып шаршадым. Бірақ құлақ асуға құлықты жанды көріп отырған жоқпын. Зиялылар қауымы Голощекинді жамандаудан аса алмай келеді. Мен оны ақтап алайын деп отырған жоқпын. Бірақ ол кім еді? Ол жай айтқанды істеп отырған қуыршақ болды емес пе?! Мен – оның ерекше папкасын оқыған адаммын және оны мен ғана оқыған шығармын. Голощекин надан, сауатсыз, пасық адам болған. Оның жазған жазуларын өз көзіммен оқыдым. Өзі толтырған жеке бас қағазын да алдырып көрдім. Сонда оның сол жеке бас қағазын соңына дейін толық толтыра алмағанын байқадым.
Ой-түйін
Тарихшымен болған шағын сұхбаттан түйгеніміз, Алаш ардақтыларының жазаға тартылған кездері мен оларға тағылған айыптар туралы деректерге әлі де болса қанық емеспіз. Қазақ тарихының шынайылығы үшін тарихшылар қауымы қанша талпынғанмен, құзырлы органдар әлі күнге дейін мүдделі болмай отыр. Ғалым сөз соңында: «Әсіреұлтшыл әлдебір мемлекеттер сияқты кеңестік тарихымызды жоққа шығаруға талпынып отырған жоқпыз. Десек те, заман да, жүйе де өзгерген тұста мұрағатта шаң басып жатқан қалың құжаттарды қолға түсіріп, қажетімізге жаратсақ», – дейді. Әлбетте, тәуелсіз елдің ұрпағының игілігі үшін.

 

 

Әңгімелескен Жарқын Түсіпбекұлы
«Алаш айнасы» 30 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5335