Александр КНЯЗЕВ, саясаттанушы: ОТУНБАЕВА-ТЕКЕБАЕВ-ҚҰЛОВ - ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚЫРҒЫЗСТАН ҮШІН ПАЙДАЛЫ ҮШТІК
Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ- Алмас Жұмабаев. Қырғызстанның жогорку кенешіне депутаттар сайлауы 10 қазанда өтеді. Осы науқаннан кейін бұл елдегі және оның сыртындағы жағдайға қатысты түрлі болжамдар айтылып жатыр. Сайлау елдегі қарсыласушы күштерді бітімге келтіре ала ма, жаңа депутаттық корпус мемлекеттік құрылымның парламенттік үлгісінде Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына қалай әсер етеді, осы және басқа да сұрақтар саясаткерлердің, экономистер мен саясаттанушылардың назарында.
Қырғызстандағы парламенттік сайлау қарсаңында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Александр Князев ҚырТАГ агенттігіне сұхбат беріп, елдегі оқиғаларға өз бағасын берді.
- Қырғызстандағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қандай баға бересіз?
Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ- Алмас Жұмабаев. Қырғызстанның жогорку кенешіне депутаттар сайлауы 10 қазанда өтеді. Осы науқаннан кейін бұл елдегі және оның сыртындағы жағдайға қатысты түрлі болжамдар айтылып жатыр. Сайлау елдегі қарсыласушы күштерді бітімге келтіре ала ма, жаңа депутаттық корпус мемлекеттік құрылымның парламенттік үлгісінде Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына қалай әсер етеді, осы және басқа да сұрақтар саясаткерлердің, экономистер мен саясаттанушылардың назарында.
Қырғызстандағы парламенттік сайлау қарсаңында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Александр Князев ҚырТАГ агенттігіне сұхбат беріп, елдегі оқиғаларға өз бағасын берді.
- Қырғызстандағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қандай баға бересіз?
- Бұл елдегі жетістіктер туралы айту қиын. Экс-президент Құрманбек Бәкиевтің кезінде экономика билік құрушы отбасы мен оның айналасының мүдделері үшін қатты бұзылды. Банк және қаржы жүйелері қатты зардап шекті. Мүдделеріне нұқсан келтірілген сыртқы әріптестердің көбімен байланыс үзілді. Ресейлік несиелердің төңірегінде дау да шықты. Бұл Қырғызстанда жұмыс істейтін қазақстандық компанияларға да өз әсерін тигізді. Бұл тұрғыдан алсақ, қателер түзетілді.
Сыртқы әріптестермен қарым-қатынастардың маңызы зор, экономиканың бұл факторы еклдің әлеуметтік өміріне онша әсер етпегенімен, бұл - солай. Ал бұл саладағы жағдайды дағдарыстық деп атауға болады. Қазіргі уақытта экономиканың қалыпты қызметін жандандырудан басқа, әлеуметтік саланы қолдау бойынша жедел шараларды қолға алу қажет деп есептеймін. Ең алдымен, бұл сыртқы донорлардан, әріптестерден көмек сұрау. Қырғызстанның басшылығы қазір осы әрекеттерді жасап жатыр.
Республиканың өзінде дағдарыстан шығатын ішкі ресурстар жоқ.
- Президент Роза Отунбаева бастаған уақытша үкіметтің қызметінен қандай артықшылықтар мен кемішіктерді атай аласыз?
- Кемшіліктерден бастаған дұрыс болар. Уақытша үкіметтің негізгі қателігі – түрлі бағалаулар бойынша, 2 мыңға жуық адамның қаза болуына алып келген Ош және Жалал-Абад облыстарында этносаралық қақтығысқа жол бергені.
Бірақ жағдай мұнымен аяқталып қалған жоқ. Бұл қақтығыстың қайта бас көтеру ықтималдылығы жоғары. Осы оқиғаларды алып тастасақ, үкімет жағдайды бейбіт арнада ұстай алды. Бәкиевтер мен олардың жақтастары сәуірде және мамырда жасаған арандатуларына қарамастан. Бұл қақтығыс Отунбаева үкіметінің тұсында туындаған жоқ, сондықтан оған адам шығынының алдын ала алмады деген кінә ғана тағуға болады.
Уақытша үкіметтің Бәкиев тақтан тайдырылғаннан кейінгі күрделі құқықтық жағдайға қарамастан, биліктің негізгі органдарын заңдастыра алғанын атап көрсету керек. Алдағы парламенттік сайлауға оң көзбен қарасақ, жағдай қалыпты арнаға түседі деп үміттенуге болады.
Сондай-ақ, Қырғызстанды оның негізгі әріптестері мен әлем державалары халықаралық өмірдің субъектісі ретінде мойындап отырғаны анық.
- Ел азаматтары уақытша үкіметке қаншалықты деңгейде сенім артады деп ойлайсыз?
- Сенім туралы айту әлі ерте. Саясатқа аса көңіл бөлмейтін халықтың бөлігі бұл билік бар деген фактіні ғана біледі. Қалғандары тағы бір төңкеріске куә болғысы келмейді. Сондықтан барына мойынсынуға мәжбүр.
Менің ойымша, уақытша үкімет халықтың толықтай сенімін жаулап алған жоқ, бірақ оның әлеуеті бар, саяси түрленулер аяқталып, сайлау өткізілген соң жағдайды адамдарды саясаттан бұрын көбірек мазалайтын әлеуметтік-экономикалық саламен айналысуға мүмкіндік беретін арнаға бұра алады деген үміт бар.
- Қырғызстандағы АҚШ және Ресей сияқты әлем ойыншыларының ролі қандай?
- 7 сәуірден бергі оқиғалар геосаясаттағы сирек жағдайға алып келді, АҚШ пен Ресей мүдделерінің арасында қайшылықтар болған жоқ. Олардың сәтті де, сәтсіз де әрекеттерінің бәрі Қырғызстандағы жағдайды бейбіт арнаға бұрып, саяси процесті заңдастыруға бағытталды. Ресей, АҚШ және Қазақстан елдерінің көмегімен Бәкиев республика аумағынан шығарылып, осылайша, азаматтық соғыстың алды алынды.
Сондықтан да мен қазір Мәскеу мен Вашингтонның арасындағы мүдделер соғысын көріп отырған жоқпын.
Ресей мен АҚШ басшылығы қазіргі кезде жеке эгоистік мүдделерін жүзеге асыру орынсыз екенін түсінеді, өйткені жағдай кез-келген сәтте күрт өршіп кетуі мүмкін, олай болса, бұл ешкімге де тиімді емес. Республиканы қалыпты жағдайға келтіріп, қалыпты даму тетіктерін іске қосу керек деген түсінік бар, сол кезде ғана бейбіт саяси процесс шеңберінде мүдделер қайшылығына жол беруге болады.
Ресей президентінің Қырғызстан үшін парламенттік басқару моделінің тиімсіздігі туралы айтқан сыны да екі елдің қатынастарын суыта алмады. Қазір Ресей елдегі барлық саяси күштермен өзара әрекеттесе отырып, өте ақылды саясат жүргізіп отыр. Мен бір тұлғаға үміт артпағанды дұрыс деп есептеймін.
- Қырғызстандағы сайлау алдындағы жағдайға қандай баға бересіз?
Саяси күрестің лас технологияларды пайдалану арқылы жүргізіліп жатқанына көрсететін фактілер әзірге жоқ. Бәрі жеткілікті деңгейде әдепті түрде өтуде.
Қазір ықтимал қақтығыстар туралы, сайлау әділ өтпейді деген мәлімдемелер жасап жатқан кейбіреулердің әрекеттері ғана алаңдатады. Бақытымызға орай, бұл кейбір партияларға ғана қатысты, олардың саны аз екені де қуантады, олардың бірі - «Ата-Жұрт» партиясы.
Мені қауіптендіретіні - оңтүстіктегі партиялардың Ош пен Жалал-Абадтағы оқиғалардың жаңа толқынын арандату үшін сайлауға кедергі жасау мүмкіндігі. Менің ойымша, оңтүстікте электорат пен саяси партиялардың көпшілігі сайлаудың өткенін қаламайтын сияқты.
- Сайлауға қатысатын партиялардың мүмкіндіктеріне қатысты сіздің болжамыңыз қандай?
- Қырғызстандағы партиялардың басым бөлігі лидерлік түрде екені белгілі. Барлық сауалнамалар бойынша Өмірбек Текебаевтың «Ата-Мекен» партиясы алда келеді. Текебаев – оңтүстіктің адамы, бірақ жасы келген қырғыз саясаткерлерінің бірі. Ол осы уақытта елдің солтүстігінде де қолдаушылар тауып үлгерді.
Келесі орындарға Фелик Құловтың «Ар-Намыс» және Алмазбек Атамбаевтың ҚСДП-сын қояр едім. Бұлардың сайлаушылары негізінен солтүстікте орналасқан, олардың оңтүстіктегі қолдауы төмен. Бішкекте «Ар-Намыс» «Ата-Мекеннен» озып кетуі мүмкін.
Олардан кейін Темір Сариевтің «Ақшумкар» партиясы келеді. Бұл – таза солтүстік партия. Оның әлеуеті жақсы, электораты көп болмаса да, мықты.
Сондай-ақ, «Ата-Жұрт»партиясына да назар аудару қажет. Бұл партияның мүшелері – Бәкиевтің адамдары, Жалал-Абадоблысынан шыққандар, Бішкектің бұрынғы мэрі Нариман Түлеевтен басқасы. Ол астанадағы позицияларынан айырылған жоқ, сондықтан солтүстіктегі электоратты тартуға тырысады. Сондай-ақ, бұл партияны националистік деп те атауға болады. Олардың мәлімдемелері қырғыз емес азаматтарға, сау ойлайтын сайлаушыларға ұнамайтыны анық.
Идеология бойынша партиялардың барлығы ұстамды, «Ата-Жұрттан» басқасы.
Саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға келсек, олардың бәрі бірдей.
Ресейге қарсы партиялардың жоқ екенін атап өтейін. Бұл жердегі даму векторы анық көрініп тұр: бас әріптес - Ресей, одан кейін жақын көршілері ретінде Қазақстан, Өзбекстан, Қытай. АҚШ-қа қатысты конфронтацияны ешкім қолдамайды, бірақ достық мәселесі екінші кезекте тұр.
Қалай болғанда да, парламентте бір партияның монополиясына жол берілмейтіні бәріне түсінікті. Әрине, 29 партияның бәрі өтпейтіні де белгілі, көп дегенде 6-7-еуі өтеді. Олардың өзінен 2-3 партия басым болады. Бұл «Ар-Намыс», «Ата-Мекен» және ҚСДП болуы мүмкін. Нәтиже осындай болса, парламенттегі ахуал жақсарады, шешімдерді бір партия бірауыздан емес, талқылау арқылы қабылдайды.
ҚР жаңа Конституциясын және парламентке сайлауды ескерсек, мен Роза Отунбаеваның президент болып, Өмірбек Текебаев парламент спикері, Феликс Құлов премьер-министр болған жағдайды тиімді санаймын. Бұл адамдар өзара тең салмақты және қызметтерді бөліссе, баланс таба алады деп ойлаймын.
Бұл - өтпелі кезеңдегі Қырғызстан үшін пайдалы трио.
- «Ар-Намыс» пен «Ата-Мекен» партиялары басшыларының Ресей мен Қазақстан басшыларымен кездесуі сұрақ тудырмай ма?
- Бұл қырғыз электораты үшін сұрақ тудыруға тиіс, өйткені бұл олар үшін белгі болып табылады.
Ресей мен Қазақстан басшылары олардың сенімдеріне лайық лидерлер мен партияларды көрсетіп берді. Бұл Қырғызстанның ішкі істеріне араласу емес, бұл – Ресей мен Қазақстан жағының пікірі.
- Қырғызстан үшін парламенттік басқару қаншалықты тиімді?
- Бұл бұрынғы кеңестік кеңістіктегі бірінші тәжірибе болайын деп тұр. Басқарудың бұл түрінің нығайып, тұрақтап қалу мүмкіндігі бар. Бірақ парламенттегі саяси күштердің жетілмегендігіне байланысты, басқарудың президенттің моделіне оралу ықтималдылығы да жоқ емес.
Қазіргі кезде ең маңыздысы – сайлаудың қақтығыссыз, арандатусыз өтуі. Парламенттің құрылымдық жұмысқа кіріскені қажет. Сонда сәуір айындағы оқиғалардан басталған ауыр кезең аяқталды деуге болатын еді.