Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 6073 0 пікір 8 Сәуір, 2015 сағат 14:27

ИНТЕРНЕТТЕГІ БІР ӘҢГІМЕ ХАҚЫНДА

Ресейдің бұлбұл көмей бір әншісі Николай Басков (суретте) біздің Жетісудың бір аруына ғашық екен деген сөзді естіп, қуанып отырмын бүгін!

Ұрпақ адамның ана (нағашы) һәм ата жұртынан тарайды. Жөйіттер анадан таратса, қазақ әкеден таратады. Екеуі де дұрыс. Егер осы екі жұрттың біреуінде бір кілтипан болса, одан туған бала оңбайды! Орыс аристократтарының бәрі дерлік Алтын Орда кезіндегі қыпшақ (түркі) қыздарынан туған! Алаштың арда ұлдары да Шыңғысханнан тараған!

Басковқа бермеген қызды кімге береміз? Алсын! Бір тексізге барып, қазақтың миын ашытатын есер біреу тапқанша, жаттың жақсысына барып, жан сүйсінтер ұл тусын! Бірақ, күйеудің діні - ислам, тілі - қазақ болсын; сонда одан текті бір қазақ туады!

...Шешесі жақсы болса!

Алашты аристократтар ғана аман алып қалады!

Серік АҚСҰҢҚАР

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды)  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572