Дүйсенбі, 9 Желтоқсан 2024
Анық 10791 0 пікір 26 Наурыз, 2015 сағат 04:27

ҮШЕУГЕ АРНАЛҒАН ҮГІТ-НАСИХАТ

Бүгінгі күннен бастап кері есептеуді қолға алсақ, еліміздегі ең маңызды саяси науқан саналатын ҚР Президентінің сайлауынан тура 30 күн уақыт қалды. Демек, дәл бүгіннен бастап Президенттікке үміткерлерді тіркеу аяқталып, үгіт-насихат жұмыстары ресми басталуы тиіс.

Орталық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, ҚР Президентінің мерзімінен бұрын сайлауына үш адам кандитат болып тіркеліп, үгіт-насихат жұмыстарын бастауға жіберілді. Олар: «Нұр Отан» партиясы ұсынған, еліміздің қазіргі Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы» ұсынған Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынушы Әділғазы Құсайынов.

ҚР Президенттігіне кандидат болып тіркелу үшін үміткерлер сайлаушылардың 93 мыңнан астам расталған қолын жинау керек болатын. Ең алдымен, Н.Назарбаев өз қолдаушыларының 560 523 расталған қолын жинады. Ал кезектен тыс президенттік сайлауға өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов сайлаушылардың 132 152, Қазақстанның коммунистік халық партиясының атынан кезектен тыс президенттік сайлауға түсіп отырған Т.Сыздықов сайлаушылардың 98 384 расталған қолын жинаған.

Еске сала кетсек, ҚР Президентінің мерзімінен бұрын сайлауы 26 сәуірге белгіленген болатын. Енді алдағы мерзім ішінде ресми тіркелген үш үміткер сайлауалды науқанына сай үгіт-насихат жұмыстарын бастайды.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1568