Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4469 0 пікір 18 Наурыз, 2015 сағат 10:27

ҮЗДІК ҮРДІСТІ ҮЙРЕНІП ҮЛГЕРУ КЕРЕК

Технология дамыған сайын зерттеу жане жазу жеңілдеп келеді. Соңғы күндері Андроид телефондармен жазуларымды пернетақтаға басу арқылы емес, қалта телефонға сөйлеу арқылы жазуға үйрендім. Өкінішке орай, бұл жүйе әлі қазақ тілінде жоқ, ағылшын, неміс, орыс секілді батыстық және қыйыр шығыс тілдерінде бар. Қуанышқа орай түрік тілінде бар. Түрікше осылай жазуға болады. Бірақ телефон қателіктер жібермей қоймайды, оларды түзету үшін қалта телефонға сымсыз bluetooth перне тақта қолданамын. Осылайша сандық технологиямен зерттеу және еңбек жазу жеңіл және рахат.

Сөйлегенді жазатын жүйе өкінішке орай windows (терезе) жүйесімен істейтін үстел үсті және тізе үсті компютерлерде жоқ. Бұл, андроід жүйесі мен істейтін ұлы телефондар мен планшетті компьютерлерде бар. Iphone ұялы телефондарға бұл жүйеге биыл қана қосылып отыр.

Ұлы телефон немесе планшетті компьютерлермен мұндай жазу жүйені әркім өзі орната алады. Мұның үшін “глиф” деген қалта телефоны ұстайтын шағын апарат, және үш аяк (трипод) керек. Құлаққа салатын микрофон аса қажет емес. Ұзақ уақыт жұмыс істегенде батерияның бітіп қалуында қажетті қосымша портативті зарядтау аппараты алған дұрыс.

Өзім түрік тілінде “F” үлгісінде пернетақта қолданамын. Мұны 10 саусақпен пернетақтаға қарамай тез жазамын. Өкінішке орай, андроід телефондарында ол жүйе жоқ. “Q" үлгісіндегі жүйе бар. Алайда, мәселенің шешімі қыйын емес. Ол үшін "External Keyboard Helper" деп аталатын бағдарламаны орнатамыз.

Бұл басқа да өнерлері болған бір бағдарлама. Мұнда қажетті параметрлерді орнатқаннан кейін пернетақтада өзіңіз белгілеген бір түймеге басу арқылы сөйлегенді өзі жазатын жүйеге немесе пернетақтамен жазатын жүйеге оп-оңай ауысуға болады. Сөйлеп жазған тұста шыққан әріп немесе емле қателіктерін түзету үшін осылайша дереу пернетақта жүйесіне өтуге болады.

Сандық технологияның зерттеулерді оңайластыратын басқа да қырлары көп. Біз бұл мақалада тек сөйлегенді жазу жағына тоқталдық. Өзге қырларын да таныстыратын мақалалар кейін жазатын боламыз. Тіпті солардың барлығын қамтып “Сандық технология және әлеуметтік ғылымдар” деген атпен бір кітап жазу да ойда бар.

Заман бәсеке мен өзгерістер көп болған заман. Осы заманға сәйкес еңбекті тез жазып үлгеру керек. Осындайда технологияға жүгінген дұрыс. Сондықтан сандық технологиямен зерттеу және еңбек жазу жеңіл және рахат болғанымен барған сайын қажеттілікке айналады деп ойлаймын.

Әбдіуақап Қара

тарих ғылымының докторы,

Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406