Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7866 0 пікір 5 Наурыз, 2015 сағат 13:04

НАУРЫЗ АЛАҢДА ТОЙЛАУМЕН АЯҚТАЛМАЙДЫ

Наурызға дайындық киіз үй тігіп, алтыбақан құрумен басталмайды. Алдымен қоқыстан арылып, көшені тазалаудан, бұлақ көзін аршудан басталады. Сосын Наурыз тойына құр науқан деп қарайтын әдеттен арылу керек. Наурыз, яғни 22-сі жексенбі күнмен тұспа-тұс келсе, жұмадан - 20-сынан бастап тойлайтын қазақтар бар (мысалы, ұжымдар). Наурыз тойы наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түнінен басталып, бір айға созылады. Бір ай бойы қазақтың әрбір үйі көже салып, бірінің үйіне бірі барып наурызкөже ішкен. Құрты мен айраны қосылып, қазысы мен қыстан қалған жылқының сүр еті, тарысы мен бидайы араласқан осынау ас қазақты көктемде авитаминоздан сақтаған. Бүгінде әйтеуір "Наурыз тойын атап өте салу керек" деген түсінікпен Күн мен Түн теңелмей жатып, тойлауды бастайтын қазақтар өздерінің мерекесінің -Ұлыс күнінің қадірін кетіре бастады. Мұны маған апам айтып берді. Ұққанымды көпке ой салар деген ниетпен осында жариялап отырмын.

Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ.

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377