Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5507 0 пікір 23 Ақпан, 2015 сағат 16:39

«ӘКЕСІНІҢ БЕЙІТІН БІЛМЕЙ КЕТКЕН ҰРПАҚ БАР...»

Кеше халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Олжас Омарұлы Сүлейменов ағамызды Долинка кентіндегі Қарлаг музейіне апарып келдім. Ағамыз үлкен әсер алған сияқты. Әр экспонатпен жіті танысып, сұрақтар қойып, 2 сағат аралап көрді. Қадірлі қонақтар кітабына пікірін жазды. Қайтарда жолда Олжекең өз отбасына байланысты бір әңгіме айтып берді.

"Нұрлан, мен 60-жылдардың аяғында Лев Гумилевпен кездестім. Менің әкем Омар Сүлейменовпен бір камерада отырыпты. "Олжас, сенің "Аз и Я" кітабыңа қатысты қатты шу шығып, дау көбейген тұста маған да қарсы пікір білдір деген ұсыныстар болды. Сонда мен: "Жоқ, бұл жігітке қарсы шыға алмаймын. Өйткені, оның әкесі Омармен кезінде тап қапаста бірге отырғанмын, қиыншылықты бірге көргенмін. Қуғын-сүргін құрбаны болған адамның аруағы үшін-ақ оның баласына қарсы тұрмаймын" деп жауап бердім деген еді. "Әкесінің жатқан жерін білмейтін, мен сияқты, миллиондаған ұрпақ көп қой..." - деп толғанған Олжас аға Л.Гумилев, Ә.Бөкейханов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұстафа Шоқай т.б. жайындағы материал, экспонаттар жанын айналшықтап, көп үңілді... Маған жан әкесі жөнінде де осындай бір кішкене үзік дерек шыға ма деген үміті болғандай көрінді...

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ.

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды).

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566