Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Тарихтың бір күні 27358 0 пікір 23 Ақпан, 2015 сағат 14:05

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ – 23 АҚПАН ЕМЕС, 7 МАМЫР!

Кешелі бері Совет армиясының керзі етігін сүйреткен кәрі-жас бірін-бірі «Отан қорғаушылар» күнімен құттықтап мәз. Оларға әйелдер де қосылуда. Тарихи шындыққа сүйенсек, бүгін - Отан қорғаушылар емес, әлем халқын езгіге салғысы келген коммунистердің жендеттері сап түзеген күн. Совет армиясы аталған жендеттер жарты дүниенің халқын қырып салды, қанға бөктірді. Жендеттер армиясы дәл осы күні жасақталғандықтан ол Совет өкіметінің жылнамасына «Совет армиясының күні» болып енді. Солдатта екі-үш жылын өткеріп келген ағаларымыз да Совет армиясының солдаты аталды. Әрине, сол үшін оларды кінәлаудан, жазғырудан аулақпыз. Бірақ, ұмытылып кетуге тиіс күнді жадыларында жаңғыртып, мәре-сәре болып жатқандарына кейиміз. Егер еліміздің ер-азаматтары өздеріне бір күнді ерекше мәртебелі күн санағылары келсе, онда 7 мамырды ұлықтасын. Бұл күн – олардың ұлдары ұлан аталып, Тәуелсіз Отандарын қорғауға, тыныштығын күзетуге арналған күнді әйгілейді. 7 мамыр туралы Елбасымыз бір сөзінде былай деген болатын: «Біздер, қазақстандықтар үшін, Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр болып табылады. 23 ақпан емес, 7 мамыр! Бізді қай күні құттықтау керектігін әйел қауымы білсін. Біз оларды 8 наурызда құттықтаймыз. Ал, олар бізді 7 мамырда құттықтауды ұмытып кетеді».

7 мамырдың аулы алыс емес. Ескермей қалмайық.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1514
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5839